Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-4076 SR

Страница 54

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

54

Ескерту

Кескін пішімі дискіге байланысты болады. Кейбір дискілер мәзір

арқылы таңдалған кескін пішімін қолдамауы мүмкін. Егер дискі

қалыпты (4:3) пішімде жазылған болса, кең экранды теледидарда,

кадрдың оң және сол жақтарында қара жолақтар пайда болады.

Экран пішімінің параметрлерін плеер қосылған телевизиялық жүйеге

байланысты таңдау керек.

Телевизиялық стандарт

Бұл плеер бірнеше телевизиялық стандарттар арасынан таңдау

мүмкіндігін береді (PAL, NTSC, Multi – мульти). Егер сіздің

теледидарыңыз мәзірде таңдалған стандартты (PAL немесе

NTSC) қолдамаса, экрандағы кескін қара-ақ түспен көрінеді және

жыпылықтап тұрады.

Ескерту: теледидарыңыз қолдайтын телевизиялық стандарттар

жөнінде толығырақ мәліметтер алу үшін теледидарды пайдалану

жөніндегі нұсқауларды қараңыз.

Video Output – бейне шығу

Бұл опция плеердің әр түрлі бейне шығу құрылғылары арасында

ауысу үшін пайдаланылады.

S-Video – S бейне шығу: сигналды S бейне шығу арқылы шығару.

Component – компоненттік шығу: YUV күйіне ауысу ( Y – жарықтық; U,

V – түс-айырмашылық сигналдары, түрлі түсті бейнекескін деректерін

түс-айырмашылық түрінде көрсету пішімі).

P-Scan – кескіннің жолдық көрінісі: егер теледидарыңызда жолдық

көрініс функциясы бар болса, кескін сапасын жақсарту үшін осы

опцияны қосыңыз.

RGB – түрлі-түсті сигнал (қызыл, көк, көгілдір): сигналды SCART шығу

құрылғысы арқылы беру; сонымен қатар RGB ойнату режимін орнату

қажет, тек қана осыдан кейін сигналды экранға беру дұрыс реттелген

болады.

Smart Picture – интеллектуалдық кескін

Кескінді көрсету сапасына әсер ететін дисплей параметрлері:

Standard – қалыпты: дисплейдің әдепкі параметрлері.

Bright – ашық: ашығырақ кескінді қамтамасыз ететін дисплей

параметрлері.

Soft – жұмсақ: жұмсартылған кескінді беретін дисплей параметрлері.

Dynamic – динамикалық: пайдаланушы өз бетімен жарықтықты,

түстер қарсыластығын, түрлі түстілікті реттей алады.

Audio setup – дыбысты реттеу

Жүйені реттеу мәзірінде Audio (дыбыс) тармағын таңдаңыз. Экранда

дыбысты реттеуге арналған қосымша мәзір пайда болады.

Аналогтық шығу

Аналогтық дыбыс сигналын алты каналдық динамиктер жүйесіне (5.1

CH) немесе жай екі каналдық жүйеге (2.0 CH) беруге болады; мәзірдің

бұл тармағында жарамды мәнді таңдау керек.

Сандық шығу

Сандық шығуды таңдаған кезде дыбыс шығуын S/PDIF порттары

арқылы реттеу мүмкіндігі пайда болады. Бұл плеер мен оған қосылған

сыртқы дыбыс жабдығының (қабылдағыш, динамик) үйлесімді жұмыс

істеуі үшін қажет.

OFF (ажырату): сандық шығу ажыратылған.

PCM (сигналдың импульстік-кодтық модуляциясы): егер сіз екі

динамиктен тұратын стереожүйені пайдалансаңыз, осы мәнді

таңдаңыз. Бұл опция Lower sample rate (сандық түрге өзгерту жиілігін

азайту) опциясымен бірге реттеледі.

ALL (барлығы): бұл опцияны таңдағанда DVD дискісінің бастапқы

дыбыс трегі пайдаланылады. Егер Dolby Digital Ac3 сигналы

коаксиалдық дыбыс шығу құрылғысы арқылы берілсе, осы мәнді

таңдаңыз.

Test Tones – сынақ сигналдары

Осы опцияны таңдаған кезде әр динамиктен шығатын дыбыс

сигналының деңгейін бөлек тексеруге болады. Қандай да бір дыбыс

каналын (динамик) таңдаған кезде, оған «қызғылт шу» беріледі.

Сандық түрге өзгерту жиілігін азайту:

ON (қосу): сандық түрге өзгерту жиілігі 96 К-ден жоғары дыбыс

сигналы үшін жүйе автоматты түрде жиілікті азайтады.

OFF (ажырату): әдетте жүйе сандық түрге өзгерту жиілігі жоғары

дыбыс сигналын ойната алады

4076new.indd 54

29.10.2008 10:39:53

Advertising