Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-4076 SR

Страница 52

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

5

ойнату жылдамдығы өзгереді. Ойнатудың қалыпты режиміне оралу

үшін PLAY (іске қосу) батырмасын басыңыз.

V-MODE (бейне режимі)

Кідіру режимдерінің бірінде - STOP (тоқта), OPEN TRAY (дисковод

ашық), NO DISC (дискі жоқ) – бейне шығудың басқа режимін таңдау

үшін V-MODE батырмасын басыңыз.

AUDIO (дыбыс)

DVD, SVCD дискісін ойнату кезінде дыбыстық сүйемелдеудің тілін

өзгерту үшін AUDIO батырмасын басыңыз.

DVD, SVCD дискісін ойнату кезінде AUDIO батырмасы L/R (сол/

оң) батырмасы сияқты мынадай дыбыс режимдерін таңдау үшін

пайдаланылады: LEFT (тек қана сол жақтағы динамик), RIGHT (тек

қана оң жақтағы динамик), MIX (аралас дыбыс), STEREO (стерео

дыбыс).

RETURN (қайтару)

VCD, SVCD дискісін ойнату кезінде бұл батырманы дискінің негізгі

мәзіріне өту үшін пайдаланыңыз (PBC режимі қосылған болса ғана).

PROGRAM (бағдарламаланған ойнату режимі, DVD, VCD, SVCD

дискілерін ойнату кезінде ғана пайдаланылады)

Бұл функция дисководқа салынған дискінің тарауларын немесе

тректерін (16 орынға дейін) ойнату тәртібін бағдарламалауға

мүмкіндік береді.

Бағдарлама енгізу мәзіріне кіру үшін осы батырманы басыңыз.

Курсорды қажетті трекке немесе тарауға апарыңыз және берілген

элементті бағдарламаға кіргізу үшін ENTER батырмасын басыңыз.

Тізімді жасау аяқталғаннан кейін PLAY (іске қосу) батырмасын

басыңыз немесе көрсеткілері бар батырмалардың көмегімен PLAY

(іске қосу) мәзірінің тармағын таңдаңыз. Бағдарламаға енгізілген

элементтер берілген тәртіпте ойнатылатын болады.

Бағдарламаның орындалу кезінде PROGRAM батырмасын басыңыз,

ойнату тоқтайды, экранда бағдарламаланған ойнату тізімі көрінеді.

Ойнатудың қалыпты режиміне оралу үшін PLAY (іске қосу) немесе

STOP (тоқта) батырмасын басыңыз.

Ойнатудың бағдарламаланған тізімін өзгерту үшін, көрсеткілері бар

батырмалардың көмегімен, бағдарлама мәзірінде CLEAR (тізімді

тазалау) тармағын белгілеңіз және ойнатудың бағдарламаланған

тәртібін өзгерту үшін ENTER батырмасын басыңыз. Тізімнен

шығарылатын элементті белгілеу үшін, көрсеткілері бар

батырмаларды пайдаланыңыз. Сонан соң тізімге енгізілетін жаңа

тректің немесе тараудың нөмірін енгізіңіз.

ZOOM (кескін масштабын өзгерту)

Бұл батырма басылғанда кескін масштабы өзгереді.

Ескерту: Бұл функцияның орындалу ерекшелігі дискі бағдарламасына

байланысты болады.

RANDOM (ойнатудың кездейсоқ тәртібі)

DVD, VCD, SVCD дискісін ойнату кезінде осы батырманың көмегімен

дискі элементтерін кездейсоқ тәртіпте ойнату функциясын қосуға

болады.

MP3/WMA/MPEG4 дискілерін ойнату

MP3/WMA/MPEG4 дискілерінің файлдық каталогының құрылымы

жоғарыдағы суретте көрсетілген.

Түбірлік каталогты таңдау үшін көрсеткілері бар батырмаларды

пайдаланыңыз, каталогқа кіру үшін ENTER батырмасын басыңыз.

Музыкалық тректі немесе бейнефайлды ойнатуды бастау үшін

көрсеткілері бар батырмалардың көмегімен қажетті тректі таңдаңыз

және ENTER немесе PLAY (іске қосу) батырмасын басыңыз.

Жоғары деңгейдегі каталогқа өту үшін курсорды

белгішесіне

апарыңыз және ENTER (енгізу) батырмасын басыңыз.

Filter - сүзгі: браузер терезесінде көрсетілуі тиіс файлдар санатын

беруге мүмкіндік береді. Үш санаттың бірін таңдауға болады: дыбыс,

фото немесе бейне.

Repeat - қайталау: қайталаудың әр түрлі режимдері арасында ауысу.

Mode - режим: ойнатудың әр түрлі режимдерін таңдау.

Normal - қалыпты: ойнату үшін файлды кездейсоқ таңдау функциясы

ажыратылған.

Shuffle – ойнатудың кездейсоқ тәртібі: Ойнату үшін файлды кездейсоқ

таңдау функциясы қосылған. Бір трек немесе тарау біткен соң плеер

кездейсоқ түрде дискідегі келесі элементті таңдайды. Ойнату барлық

элементтер ойнатылып біткенше немесе ойнатудың басқа режимі

таңдалғанша жалғасады.

Music Intro – таныстыру режимі: бұл режим қосылғанда әрбір

музыкалық трек немесе файл 10 секунд ішінде ойнатылады, сонан

соң басқа трекке немесе файлға өтеді.

Edit Mode – өзгерту режимі: бағдарламаланған ойнату функциясын

қосу. Бұл режимді таңдағанда, қажетті директорияны таңдау үшін

LEFT (сол жақ көрсеткісі) батырмасын басыңыз және қажетті

тректі таңдау үшін ENTER (енгізу) батырмасын басыңыз, сонан

соң ойнатуды бастау үшін Add to program (бағдарламаға қосу)

батырмасын басыңыз.

Program View – бағдарламаға енгізілген тректер немесе файлдар

тізімін ашу.

Browser View – ағымдағы трек орналасқан директорияны ашу.

Add to program – белгіленген тректі бағдарламаға қосу.

Clear program – толық тоқтатылғанда (STOP батырмасын екі рет

басқаннан кейін) қажетті тректі белгілеңіз және тректі бағдарламадан

алып тастау үшін осы батырманы басыңыз.

4076new.indd 52

29.10.2008 10:39:53

Advertising