Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-6403 BK

Страница 26

Advertising
background image

Қазақ

6

екенін ескеріңіз. Қашықтағы бергіш пен базалық блокты орналастырудың

бірнеше вариантын байқап көріңіз. Қашықтағы бергіштің ауа райының

жағдайлары әсерінен қорғалуына қарамастан, тікелей күн сәулелері, жаңбыр

немесе қар түспейтіндей етіп орналастыру қажет.

Үй құрылғылары (есіктің қоңырауы, дабыл және т.с.с.) базалық блоктың

қашықтағы бергіштен мәліметтер сигналын қабылдау кезінде бөгеттерді

тудыруы мүмкін. Бұл әдеттегі құбылыс болып табылады және жалпы

жұмысқа әсер етпейді. Мәліметтер сигналын тарату мен қабылдау уақытша

бөгеттер жойылған мезетте қайтадан басталады.

Батарейкаларды қашықтағы бергішке орнату

1. Батареялық бөлік қақпағындағы бұрандаларды бұрап алыңыз.

2. «1-2-3» арналардың ауыстырғышы көмегімен мәліметтер тарату

арнасын таңдаңыз.

3. Үйектілікті сақтай отырып, 2 батарейканы (“ААА”, 1.5 В) орнатыңыз.

4. Батареялық бөлік қақпағын жабыңыз және бұрандаларды бұрап

қойыңыз.

Желілік бейімдеуішті базалық блокқа қосу/батарейкаларды базалық блокқа

орнату

1. Сыртқы қоректендіру көзін қосуға арналған ұяны пайдаланып жеткізілім

жинағына кіретін желілік бейімдеуішті базалық блокқа қосыңыз (6

В DC)

.

немесе

2. Батареялық бөлік қақпағын ашыңыз.

3. Үйектілікті сақтай отырып 2 батарейканы (“AАА”, 1.5 В) орнатыңыз.

4. Батареялық бөлік қақпағын жабыңыз.

Ескерту:

Базалық блок сыртқы қоректендіру көзінен жұмыс істеу үшін арналған,

батарейкалардан жұмыс істеу резервті вариант болып табылады. СК-

дисплейді әрдайым жарықпен көмескілеу тек желілік бейімдеуіш арқылы

сыртқы қоректендіру көзінен жұмыс істегенде мүмкін болады.

Батарейкаларды айырбастау

Батарейкалар отырып қалуы туралы сәйкес пиктограмма пайда болғанда

батарейкаларды айырбастау керек.

ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ

Аспапты алғашқы қосқанда әуелі базалық блокты, ал кейін бергішті қосыңыз.

Қашықтағы бергіштегі «1-2-3» арналарының ауыстырғышы көмегімен

мәліметтерді тарату арнасын белгілеңіз. Базалық блоктағы CHANNEL

батырмасын басыңыз, сіз дыбыстық сигналды естисіз. Базалық блок

қашықтағы бергіштен сигналды іздей бастайды. Бергішті қайта қосу үшін

6403IM.indd 26

19.03.2008 14:13:47

Advertising