Бірінші қолданғанға дейін, Пештің үсті - күнделікті пайдалану – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG561GL

Страница 8

Advertising
background image

Бірінші қолданғанға дейін

Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,

тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.

Алғашқы тазалау
• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың

барлығын алыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар

алдында тазалаңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды

қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.

Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған кездегіден
де қызып кетуі мүмкін. Осы кезде иіс
шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлменің жақсы желдетілетініне көз
жеткізіңіз.

Пештің үсті - Күнделікті пайдалану

Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.

Оттықты тұтату

Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық
отты пайдаланған кезде өте абай

болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланбау
салдарына өндіруші ешбір жауапты емес.

Оттықты əрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.

Оттықты жағу үшін:
1. Қажетті оттықтың тетігін шегіне дейін

басып, ең жоғары мəнге қойыңыз.
Тетікті басқан кезде тұтату генераторы
өздігінен қосылады.

2. Тетікті шамамен 10 секунд басып

ұстап тұрыңыз. Сонда термоэлемент
жылиды. Бұлай істемеген жағдайда газ
беріліміне кедергі келеді.

3. От бірқалыпты жанғаннан кейін, оның

жалынын реттеңіз.

Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық
жанбаса, оның шілтері мен

қақпағының дұрыс тұрғанын тексеріңіз.

1

2
3
4

1

Оттық табақшасы

2

Оттық шілтері

3

От алдырғыш

4

Термореле

Назарыңызда болсын! Басқару
тетігін 15 секундтан артық басып

тұрмаңыз.
Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса,
басқару тетігін босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.

8

www.zanussi.com

Advertising