Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG561GL

Страница 19

Advertising
background image

жылжымалы бөлшектерге жанаспауын
немесе қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Металл емес иілгіш түтіктер қосылымы
Егер газ қосылымын түгелдей оңай
басқаруға мүмкіндік бар болса, иілгіш
түтікті пайдалануға болады. Иілгіш түтікті
қапсырмалардың көмегімен мықтап бекіту
керек.
Түтік ұстағышты пайдаланып орнатыңыз.
Түтік ұстағышты тығыздағышқа мықтап
орнатып, содан кейін газ қосылымын
орнатуды жалғастырыңыз. Иілгіш түтік
мына жағдайда дұрыс орнатылады:
– Бөлме температурасынан немесе 30 °C

градустан артық қызбаса.

– Ұзындығы 1500 мм-ден аспаса.
– Сығымдалмаса.
– Тартып не бұрап майыстыруға болмаса.
– Өткір жиектерге немесе бұрыштарға

тимесе.

– Түтіктің күйін тексеру үшін оны оңай

қарап шығу мүмкіндігі болса.

Иілгіш түтікті сақтау үшін мына
жағдайларды мезгіл-мезгіл тексеріп тұру
керек:
– Екі ұшында жəне ұзына бойында

жарылған, кесілген, күйген жерлер
болмауға тиіс;

– Материал дұрыс иілетін жəне

қатаймайтын болуға тиіс.

– Бекіткіш қапсырмаларын тот баспай

тұруға тиіс;

– Жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген

болуға тиіс.

Егер бір немесе бірнеше ақауы бары
байқалса түтікті жөндемей, ауыстыру
керек.

Өте маңызды! Əбден орнатып болғаннан
кейін сабынды суды пайдаланып, от
жалынын пайдаланбай, түтік фитинглерінің
берік нығыздалып салынғанын тексеріңіз.

Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару
панелінің артында орналасқан.

Назарыңызда болсын! Газбен
жабдықтау жүйесіне қосар алдында

газбен жабдықтау клапанын жабыңыз.

A

B C

D

E

1

Газ жүйесіне жалғанатын жер
(құрылғының тек бір жерін ғана газға
жалғауға болады)

2

Тығыздағыш

3

Реттемелі қосылым

4

Сұйылтылған газға арналған түтік
ұстатқыш

5

Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш

Құрылғыға əдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту үшін

тізімнен түтік ұстатқышты таңдаңыз.
Əрқашан тығыздағышты қолданыңыз.

Құрылғыны газдың басқа түрлеріне
лайықтау

Назарыңызда болсын! Құрылғыны
газдың басқа түріне сай лайықтау

жұмысын тек уəкілетті маманға ғана
тапсырыңыз.

Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс
істеуге арналған.

Дұрыс инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да қолдануға болады.

Назарыңызда болсын!
Инжекторларды ауыстырмай тұрып,

газ тетіктерінің Off қалпында тұрғанына
жəне құрылғының тоқтан ағытылып
тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғы əбден
суығанша күтіңіз. Жарақат алу қаупі бар.

Инжекторларды ауыстыру
Газ түрін ауыстырғанда инжекторларды
ауыстырыңыз.

19

www.zanussi.com

Advertising