Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG561GL

Страница 20

Advertising
background image

1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін

алыңыз.

3. 7-ші сомынкілттің көмегімен

инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.

4. Бөлшектерді құрастыру үшін жоғарыда

көрсетілген қадамдарды орындаңыз.

5. Атаулы мəндер затбелгісін (ол газ

келетін түтіктің жанында) жаңа газбен
жабдықтау түрінің затбелгісімен
ауыстырыңыз. Бұл затбелгіні сіз
құрылғымен бірге жеткізілген
қапшықтан таба аласыз.

Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі
немесе қажетті қысымнан басқаша болса,
газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын
қысым өтпелігін орнату қажет.
Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау
үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару тетігін алыңыз.
4. Жіңішке бұрағыштың көмегімен

орағытпа бұранданы реттеп (A)
бұраңыз.

A

• Табиғи газды сұйылтылған газға

ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы
шегіне дейін қатайтыңыз.

• Егер сұйылтылған газды табиғи газға

ауыстырсаңыз, орағытпа бұранданы
шамамен айналымның 1/4 дейін
босатыңыз.

Назарыңызда болсын! Тетікті ең
үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін

жылдам бұраған кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.

Тұмшапештің инжекторын ауыстыру

1. Тұмшапеш қуысының астыңғы

пластинкасын (A) газ пеші оттығына
(B) қол жеткізу үшін алып тастаңыз.

2. Оттықты ұстап тұрған бұранданы (C)

босатыңыз.

3. Оттықты инжектор тағанынан (D) ептеп

алыңыз.
Ақырын солға қарай жылжытыңыз.
Оттық шілтерінің оттық аузында
тұрғанына көз жеткізіңіз. Тұтатқыш
ашасының сымына (E) жəне
термоэлемент жалғастырғышына (F)
қатты күш салмаңыз.

4. Инжекторды (D) 7 мм сомын кілттің

көмегімен ағытып алыңыз. Орнына
қажетті инжекторды салыңыз.

5. Оттықты құрастыру үшін, осы

əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.

6. Газбен жабдықтау бағыттауышының

жанында орналасқан газ түрінің
жапсырмасының орнына жаңа газ
түріне қатысты жапсырманы
қолданыңыз.

Газ пеші оттығын ең төменгі деңгейге
орнату:
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.

20

www.zanussi.com

Advertising