Пайдалану – Инструкция по эксплуатации Bosch PBS 75 AE

Страница 38

Advertising
background image

38 | Қaзақша

1 619 X08 683 | (1.8.13)

Bosch Power Tools

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.

Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Шаң жәшігімен өзіндік шаңсору (A1–A4 суреттерін
қараңыз)
Шаңжинағышты 6 шаңсорғыш адаптеріне 9 бекітілгенше
орнатыңыз. Шаңсорғыш адаптерін 9 үрлегіш штуцерге 10
салыңыз.

Шаңжинағышты 6 босату үшін шаңжинағышты 6
адаптермен 9 бірге шешіп алыңыз.
Шаң жәшігін 6 ашудан алдын сүзгі элементінен шаңды
босату үшін оны суретте көрсетілгендей қатты тақтаға
соққылаңыз.

Шаң жәшігін 6 ұстау ойысынан ұстап, сүзгі элементін 12
жоғарыға шығарып шаң жәшігін босатыңыз. Сүзгі
элементінің 12 тілімшелерін жұмсақ қылшақпен
тазалаңыз.

Ескертпе: Тегістеу машинасының алу жылдамдығы
жоғары. Оңтайлы шаң соруды қамтамасыз ету үшін
шаңжинағышты 6 жүйелі түрде5 минут жұмыс істеуден
кейін босатыңыз және сүзу элементін 12 жүйелі түрде
тазалаңыз.

Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангін сору құбырына 10 салыңыз. Сорғыш
шлангін шаңсорғышқа қосыңыз. Осы нұсқаулық соңында
түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Тегістеу таспасын алмастыру (B–D суреттерін
қараңыз)

– Қысу иінтірегін 3 толығымен ашыңыз. Тегістеу төсемі 2

енді бос және оны алуға болады.

– Жаңа тегістеу төсемін 2 салыңыз. Тегістеу таспасының

ішкі жағындағы көрсеткі бағыттарының электр
құралының корпусындағы көрсеткі бағыттарына сай
болуына көз жеткізіңіз.

– Бекіту иінтірегін 3 қайтадан бастапқы күйге бұрыңыз.
– Машинаны көтеріңіз және қосыңыз. Қосу кезінде және

тегістеу процесінің барысында төсеменің қозғалысы
автоматты түрде ортаға келтіріледі.

Егер қосудан кейін төсем ортада болмаса, төсемді қолмен
реттеу керек. Бұл үшін роликтегі реттеу винтін 13 тегістеу
төсемі 2 алюминий корпустан 2–3 мм қашықтықта
жүргенше бұраңыз, D суретін қараңыз. Егер осыдан кейін
тегістеу төсемі қайтадан ортаға келтірілмесе, тегістеу
лентасын 2 ауыстыру керек.

Тегістеу таспасын таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі тегістеу таспалары ұсынылады:

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты

электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.

Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 5 басып
тұрыңыз.

Басылған қосқыш/өшіргішті 5 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 7 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 5 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 7 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 5 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.

Таспа жылдамдығын алдын ала таңдау (PBS 75 AE)
Тегістеу төсемін беру жылдамдығын таңдауға арналған
реттегіш дөңгелек 4 көмегімен жұмыс кезінде төсемнің
қажет жылдамдығын таңдауға болады.

Талап етілетін таспа жылдамдығын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.

Пайдалану нұсқаулары

Тегістеуде ажырату қуаты мен бет сапасы таңдалған
тегістеу таспасына және алдын ала таңдалған
жылдамдығына (PBS 75 AE) байланысты. Лентаның
жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, алу соғұрлым
жоғары және тегістеу беті соғұрлым жұқа болады.

Тек мінсіз тегістеу таспасымен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.

Тегістеу таспасының пайдалану мерзімін ұзарту үшін кіші
басу қуатымен жұмыс істеңіз. Электр құралдың салмағы
жақсы тегістеу өнімділігі үшін жеткілікті. Өте қатты басу
электр құралы мен тегістеу таспасының тез тозуын
тудырады.

Қосылған электр құралды өңделетін бетке қойыңыз.
Орташа жылжытумен жұмыс істеп тегістеу әдісін тегістеу
жолдарына параллельді және үстінен апарыңыз.

Түйіршіктілік

Барлық ағаштық заттектерді
өңдеу үшін

40—240

Сүргіленбеген брус немесе
тақтайларды алдын ала тегістеу
үшін

дөрекі

40, 60

Жалпақ тегістеу және аздаған
кедір - бүдірді тегістеу үшін

орташа 80, 100, 120

Қатты ағаштарды соңғы және
нәзік тегістеу үшін

майда

180, 240

OBJ_BUCH-1651-003.book Page 38 Thursday, August 1, 2013 8:43 AM

Advertising