Өнім және қызмет сипаттамасы – Инструкция по эксплуатации Bosch PBS 75 AE

Страница 36

Advertising
background image

36 | Қaзақша

1 619 X08 683 | (1.8.13)

Bosch Power Tools

Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін

жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.

Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын

пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.

Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру

немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз.
Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.

Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар

қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.

Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы

бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз.
Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.

Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.

Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.

Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы

аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз.
Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.

Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және

арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.

Тегістегіш үшін қауіпсіздік нұсқаулары

Тегістеу таспасының өз желілік кабеліне тиюі

ықтималдылығынан аспапты айырылған
тұтқасынан ұстаңыз.
Тоқ өтетін сымына тию металлды
құрал бөлшектеріне тоқ беріп тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.

Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін

пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол
электр тоғының соғу қаупін арттырады.

Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде

апарып оны дайындамадан алыстатып өшіріңіз.
Электр құралы тосыннан қосылуы мүмкін.

Айналып тұрған тегістеу таспасына тимеңіз.

Жарақат алу қаупі бар.

Адамдарға ұшқындардың қауіп тигізбейтіндігіне

көз жеткізіңіз. Жанатын материалдарды
алыстатыңыз.
Металлды ажарлау арқылы ұшқындар
пайда болады.

Тозған, жарылған немесе лас тегістеу таспасын

пайдаланбаңыз. Зақымдалған тегістеу таспасы
жарылып, лақтырылып, жарақаттауы мүмкін.

Өрт қаупі бар! Ажарланатын материалды немесе

ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз.
Шаңтұтқыш қабын жұмыс істеуден алдын
тазартыңыз, босатыңыз.
Шаң қабындағы,
микросүзгідегі, қағазқабындағы ажарлау шаңы
(немесе сүзгі қабында немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі)
металлды ажарлауда болатын ұшқындар жануы, өрт
тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан
қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы,
ажарлау материалының ұзақ өңделуінен қызуы аса
жоғары қауіп тудырады.

Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі

түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.

Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік

ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.

Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе

қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.

Электр құралын жерге қоюдан алдын оның

тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.

Өнім және қызмет сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құрал жоғары өнімділікпен құрғақ беттерді
тегістеуге, ағашты, пластикті, металды, сылақты және
лакталған беттерді алуға арналған.

Бейнеленген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

1 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)
2 Тегістеу таспасы*
3 Тегістеу төсеміне арналған қысу иінтірегі
4 Таспа жылдамдығын таңдайтын реттеуші

(PBS 75 AE)

5 Қосқыш/өшіргіш
6 Шаң жәшігі бүтін (микрофильтр жүйесі)
7 Қосқыш/өшіргіш құлыптау пернесі

OBJ_BUCH-1651-003.book Page 36 Thursday, August 1, 2013 8:43 AM

Advertising