Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF45050SR

Страница 6

Advertising
background image

1

Қосу/өшіру түймешігі

2

Бағдарлама көрсеткіші

3

Индикатор шамдары

4

Бейнебет

5

Start түймешігі

6

Delay түймешігі

7

Multitab түймешігі

8

Бағдарлама тетігі

Индикатор шамдары

Жуу жəне шаю циклінің индикаторы. Бұл жуу циклі немесе шаю циклі іске

қосылған кезде жанады.
Кұрғату циклінің индикаторы. Бұл құрғату циклі іске қосылған кезде

жанады.
Шайғыш зат индикаторы. Бұл индикатор шайғыш зат сауытын толтыру
қажет болған кезде жанады.

1)

Тұз индикаторы. Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде
жанады.

1)

Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған қалпы

тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс əсер етпейді.
Multitab индикаторы. Бұл индикатор функцияны қосқан кезде жанады.

1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз жəне/не шайғыш зат сауыттары босап қалса, тиісті

индикатор шамдары жанбайды.

Қосу/өшіру түймешігі
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін

осы түймешікті басыңыз.

Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін

он минут өткеннен кейін, Auto Off

функциясы құрылғыны автоматты түрде

сөндіреді. Бұл электр қуатын аз

тұтынуға көмектеседі.
Бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:

• Су жұмсартқыштың электрондық

тəсілмен бапталған деңгейі

• Шайғыш зат үлестіргішін қосу жəне

сөндіру (тек multitab функциясы

қосулы тұрғанда ғана)

• Жуу бағдарламасының уақыты

• Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін

қалған уақыт

• Жуу бағдарламасының аяқталуы

(бейнебетте нөл көрсетіледі)

• Кешіктіріп бастау параметрінің кері

санағы

• Ескерту кодтары.
Start түймешігі
Бастау үшін осы түймешікті басыңыз:

• Жуу бағдарламасы

• Кешіктіріп бастау параметрінің кері

санағы.

Delay түймешігі
Жуу бағдарламасын 1-ден 24 сағатқа

дейін кешіктіріп бастау үшін осы

түймешікті қайта-қайта басыңыз.
Multitab түймешігі
Multitab функциясын қосу немесе

сөндіру үшін осы түймешікті басыңыз

('Multitab функциясы' тарауын қараңыз).
Бағдарлама тетігі
Жуу бағдарламасын орнату үшін,

тетіктегі көрсеткішті жуу

бағдарламасына келтіріп қойыңыз. 'Жуу

бағдарламалары' тарауын қараңыз.

Құрылғыны іске қосқан кезде,

бағдарлама тетігі соңғы орнатылған

жуу бағдарламасына келіп тұрады.

Параметрлерді орнату режимі
Мына əрекеттерді орындау үшін

құрылғы параметрлерді орнату

режимінде тұруға тиіс:

• Жуу бағдарламасын орнату үшін.

6 electrolux

Advertising