Не істерсіңіз, егер – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF45050SR

Страница 14

Advertising
background image

C

8. (A) сүзгісін (B) сүзгісіндегі орнына

қойыңыз. (A) сүзгісін сағат

бағытымен бекітілгенше бұраңыз.

Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.

Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп

қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен

тазалаңыз.
Құрылғының сыртын тазалау
Құрылғының сыртын жəне басқару

панелін дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз.

Тек бейтарап тазартқыш заттарды

қолданыңыз.

Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені

немесе еріткіштерді (мысалы, ацетон)

пайдаланбаңыз.

НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...

Құрылғы жұмыс істей бастамайды

немесе жұмыс істеп тұрып тоқтап

қалады.

Алдымен ақаулықты түзету жолын

іздеңіз (кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете

алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Кей ақаулықтар орын алғанда,

бейнебетте ескерту кодтары

көрсетіледі:

- Ыдыс жуғыш машинаға су

құйылмай тұр

- Құрылғының суы төгілмейді

- Тасқынға қарсы құрал қосулы.

Назарыңызда болсын! Тексеріп

көру алдында құрылғыны тоқтан

ажыратыңыз.

Дұрыс жұмыс істемеу

Ықтимал себебі

Ықтимал шешімі

Құрылғыға су құйылмай тұр.

Су құйылатын шүмек

бітелген немесе оған қақ

тұрған.

Су құятын шүмекті

тазалаңыз.

Судың қысымы тым төмен.

Жергілікті сумен жабдықтау

мекемесіне хабарласыңыз.

Су құятын шүмек жабық.

Су құятын шүмекті ашыңыз.

Су құятын түтіктегі сүзгі

бітеліп қалған.

Сүзгіні тазалаңыз.

Су құятын түтік дұрыс

жалғанбаған.

Түтіктің дұрыс жалғанғанын

тексеріңіз.

Су құятын түтік бүлінген.

Су құятын түтіктің еш жерінің

бүлінбегенін тексеріңіз.

Құрылғыдан су ақпай тұр.

Раковинаның түтікшесі

бітеліп қалған.

Раковинаның түтікшесін

тазалаңыз.

Су төгетін түтік дұрыс

жалғанбаған.

Түтіктің дұрыс жалғанғанын

тексеріңіз.

Су төгетін түтік бүлінген.

Су төгетін түтіктің еш жерінің

бүлінбегенін тексеріңіз.

Тасқынға қарсы құрал

қосулы.

Судың шүмегін жабыңыз да,

қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

14 electrolux

Advertising