Жуу бағдарламасын таңдау жəне бастау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF45050SR

Страница 11

Advertising
background image

• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке

салыңыз. Заттарды жылжып

кетпейтін етіп салыңыз.

• Пластик заттар мен жабысқақ емес

қаптамасы бар ыдыстарға су

тамшылары тұрып қалуы мүмкін.

ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖƏНЕ БАСТАУ

Жуу бағдарламасын кешіктіріп

бастау функциясынсыз бастау
1. Құрылғы есігін жабыңыз.

2. Құрылғыны іске қосыңыз.

3. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

4. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.

• Бейнебетте бағдарламаның

уақыты жыпылықтайды.

• Орнатылған жуу

бағдарламасының циклдерінің

индикатор шамдары жанады.

5. Start түймешігін басыңыз, жуу

бағдарламасы автоматты түрде

басталады.

• Жұмыс істеп тұрған цикл

индикаторынан басқа циклдердің

индикаторлары сөнеді.

Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу

бағдарламасын бастау
1. Құрылғы есігін жабыңыз.

2. Құрылғыны іске қосыңыз.

3. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

4. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.

5. Delay түймешігін бейнебетте

кешіктіріп бастау уақыты

көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.

• Бейнебетте кешіктіріп бастау

уақыты жыпылықтайды.

6. Start түймешігін басыңыз, кері санақ

автоматты түрде басталады.

• Енді кешіктіріп бастау уақыты

бейнебетте көрсетілмейді.

• Орнатылған жуу

бағдарламасының циклдерінің

индикатор шамдары сөнеді.

Кері санақ аяқталған кезде, жуу

бағдарламасы автоматты түрде

басталады.

• Орындалып тұрған циклдің

индикаторы жанады.

Құрылғы есігі ашылса, кері санақ

кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері

санақ тоқтаған жерінен бастап

жалғасады.

«Кешіктіріп бастау» функциясын

болдырмау

Кері санақ орындалмайды

1. Бейнебетте келесі көрсетілгенше

Delay түймешігін қайта-қайта

басыңыз:

• Бейнебетте жуу бағдарламасының

ұзақтығы көрсетіледі.

• Цикл индикаторлары жанады.

2. Жуу бағдарламасын бастау үшін

Start түймешігін басыңыз.

Кері санақ орындалады

1. Бейнебетте келесі көрсетілгенше

Delay түймешігін қайта-қайта

басыңыз:

• Бейнебетте жуу бағдарламасының

ұзақтығы көрсетіледі.

• Цикл индикаторлары жанады.

• Жуу бағдарламасы автоматты түрде

басталады.

Жуу бағдарламасын кідірту
• Құрылғы есігін ашыңыз.

– Жуу бағдарламасы тоқтайды.

• Құрылғы есігін жабыңыз.

– Жуу бағдарламасы үзілген жерінен

бастап жалғасады.

Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
Егер жуу бағдарламасы басталмаса,

параметрді өзгертуіңізге болады.

Жуу бағдарламасы орындалып тұрған

кезде параметрді өзгерту үшін

бағдарламаны біржола тоқтату керек.

• Бейнебетте келесі көрсетілгенше

Multitab түймешігі мен Delay

түймешігін қатар басыңыз:

– Бейнебетте жуу бағдарламасының

уақыты жыпылықтайды.

– Жуу бағдарламасы циклдерінің

индикаторлары жанады.

Жаңа жуу бағдарламасын бастар

алдында, жуғыш зат үлестіргіште

жуғыш заттың бар екеніне көз

жеткізіңіз.

electrolux 11

Advertising