Бірінші қолданғанға дейін – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESL65070R

Страница 7

Advertising
background image

Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы

параметрлерді орнату режимінде тұруға

тиіс:

• Жуу бағдарламасын таңдау және

бастау үшін және (немесе) бастауды

кешіктіру үшін.

• Су жұмсартқыштың деңгейін

электрондық тәсілмен баптау үшін.

• Multitab функциясын қосу/өшіру үшін.

• Шайғыш зат үлестіргішін қосу/ажырату

үшін.

• Дыбыстық сигналдарды қосу/өшіру

үшін.

Қосу/өшіру түймешігін басыңыз.

Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді

орнату режимінде тұрады:

– Барлық бағдарламалардың

индикаторлары жанғанда.

Қосу/өшіру түймешігін басыңыз.

Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді

орнату режимінде тұрмайды.

– Тек бір бағдарламаның индикатор

шамы жанғанда.

– Параметрлерді орнату режиміне

қайту үшін жуу бағдарламасын

немесе кешіктіріп бастау

функциясын біржола тоқтату керек.

'Жуу бағдарламасын таңдау және

бастау' тарауын қараңыз.

Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мынаны білдіреді:

• Жуу бағдарламасының аяқталғанын.

• Су жұмсартқыш деңгейінің

электрондық тәсілмен бапталғанын.

• Құрылғыда ақау бар екенін.

Дыбыстық сигналдарды өшіру үшін мына

әрекеттерді орындаңыз:

1. Құрылғыны іске қосыңыз.

2. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

3. B және C функция түймешіктерін A, B

және C функция түймешіктерінің

индикаторлары жыпылықтай

бастағанша басып ұстап тұрыңыз.

4. A және B функция түймешіктерін

босатыңыз.

5. C функция түймешігін басыңыз.

– A және B функция түймешіктерінің

индикаторлары сөнеді.

– C функция түймешігінің

индикаторы жыпылықтайды.

– "Бағдарламаның соңы"

индикаторы жанады.

• Дыбыстық сигналдар қосылады.

6. C функция түймешігін қайта басыңыз.

– Бағдарламаның соңы индикатор

шамы сөнеді.

• Дыбыстық сигналдар өшеді.

7. Параметрді сақтау үшін құрылғыны

өшіріңіз.

Дыбыстық сигналдарды қайта қосу

үшін жоғарыдағы әрекеттерді

қайталаңыз.

Бірінші қолданғанға дейін

Әрекеттің әрбірін нұсқауға сай

орындаңыз:

1. Су жұмсартқыштың, тұратын

жеріңіздегі судың кермектігіне сай

келетін деңгейге қойылған-

қойылмағанын тексеріңіз. Қажет

болса, су жұмсартқыштың деңгейін

реттеңіз.

2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина

тұзынан салыңыз.

3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш

заттан салыңыз.

4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

құрылғыға салыңыз.

5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен

ластығына қарай отырып, жуу

бағдарламасын дұрыс орнатыңыз.

6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты

тиісті мөлшерде салыңыз.

7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.

Егер құрама жуғыш таблеткаларды

('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз,

'Multitab функциясы' тарауын

қараңыз.

electrolux 7

Advertising