Инструкция по эксплуатации Electrolux ESL65070R

Страница 3

Advertising
background image

қолданылатын ыдыс-аяқтарды жуу

үшін ғана қолданыңыз.

• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне

тұтанғыш зат салынған дымқыл

заттарды, құрылғының қасына немесе

үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт

шығу қаупі бар.

• Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың

барлығын, ас құралдары себетіне

ұштарын төмен қаратып салыңыз.

Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен

не пышақ салатын себетке салыңыз.

(Құрылғы үлгілерінің барлығы бірдей

пышақ салынатын себетпен

жабдықталмаған).

• Ыдыс жуғыш машинаға арналған

арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,

шайғыш зат) ғана қолданыңыз.

• Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған

тұздар, су жұмсартқышқа нұқсан

келтіруі мүмкін.

• Тұзды ыдыс жуғыш машинаға, жуу

бағдарламасын бастамай тұрып

салыңыз. Тұз түйірлері немесе тұзды

су құрылғының табанын тоттандыруы

немесе тесіп жіберуі мүмкін.

• Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан

басқа ешбір басқа зат (мысалы, ыдыс

жуғыш машинаны тазалағыш зат,

сұйық тазалағыш зат) салмаңыз. Бұл

құрылғыны бүлдіруі мүмкін.

• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып,

бүріккіш түтіктердің еркін айнала

алатындығына көз жеткізіңіз.

• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін

ашсаңыз, ыстық бу шығып кетуі

мүмкін. Күйіп қалуыңыз мүмкін.

• Ыдыстарды құрылғыдан жуу

бағдарламасы аяқталмай тұрып

алмаңыз.

Күту менен тазалау
• Құрылғыға күтім көрсетердің алдында

электр желісінен ағытып, ашасын

розеткадан суырыңыз.

• Тұтанғыш заттар немесе тот

бастыратын заттарды қолданбаңыз.

• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске

қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс

орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс

орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу

нәтижесі қанағаттанғысыз болып,

құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.

• Құрылғыны су немесе бу бүркіп

тазалағышпен тазаламаңыз. Электр

тогына түсу және құрылғыны бүлдіріп

алу қаупі бар.

Орнату
• Құрылғының еш жерінің тасымалдау

барысында бүлінбеген тексеріңіз.

Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз.

Қажет болса, сатушыға

хабарласыңыз.

• Ең алғаш іске қосардың алдында,

орам материалдарының барлығын

алыңыз.

• Электр желісі және құбыр жүйесіне

қосу, орнату және күтім көрсету

жұмыстарының барлығын тек білікті

маман орындауға тиіс. Бұл құрылғы

конструкцияларының бүлінуіне

немесе адам жарақаттанып қалуға

жол бермейді.

• Құрылғыны орнату барысында, оның

ашасының розеткадан ағытылып

тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Құрылғының қабырғаларын, оның

гидравликалық немесе электр

бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін

бұрғылап теспеңіз.

• Маңызды! Төмендегі әрекеттерді

нұсқауларға сай орындаңыз:

– Құрылғыны орнату.

– Ас үй қаптамасының есігін

құрастыру.

– Су құю және төгу жүйелеріне қосу.

• Құрылғының үсті мен жан-жағын

қоршаған конструкциялардың қауіпсіз

болуын қамтамасыз етіңіз.

Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
• Құрылғыны температурасы 0°C

градустан төмендеп кететін жерге

орнатпаңыз.

• Мұздап қалудың салдарынан болған

ақаулыққа өндіруші жауапты емес.

Суға қосу
• Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа

түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын

қолданылған түтіктерді

пайдаланбаңыз.

• Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне

немесе ұзақ уақыт қолданыста

болмаған құбырларға қоспаңыз. Су

electrolux 3

Advertising