Жуу бағдарламасын таңдау және бастау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESL65070R

Страница 11

Advertising
background image

Ақыл-кеңес
Құрылғыны су сіңіретін заттарды

(мысалы, жөке, ас үй майлық-сулықтары)

жуу үшін қолданбаңыз.

• Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

салардың алдында, мына әрекеттерді

орындаңыз:

– Тағам қалдықтарын алыңыз.

– Табаға күйіп, жабысып қалған тағам

қалдықтарын жұмсартыңыз.

• Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

төменде көрсетілгендей салыңыз:

– Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе,

стакан және кәстрөл) ауыздарын

төмен қаратып салыңыз.

– Сауыт немесе терең ыдыстарды,

ішіне су жиналмайтын етіп

орналастырыңыз.

– Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

араласып кетпейтін етіп салыңыз.

– Стакандарды бір-біріне тигізбей

салыңыз.

– Кішкене заттарды ас құралдарына

арналған себетке салыңыз.

– Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас

үшін, басқа ас құралдарымен

араластырып салыңыз.

– Ыдыс-аяқтарды су барлық жеріне

тиетін етіп орналастырыңыз.

• Пластик заттар мен жабысқақ емес

материалмен қапталған кәстрөлдерге

су тамшылары тұрып қалады.

• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке

салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін

етіп салыңыз.

Жуу бағдарламасын таңдау және бастау

Кешіктіріп бастау функциясы жоқ жуу

бағдарламасын таңдап, іске қосыңыз
1. Құрылғыны іске қосыңыз.

2. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

3. Жуу бағдарламасын таңдаңыз. 'Жуу

бағдарламалары' тарауын қараңыз.

– Тиісті бағдарламаның индикатор

шамы жанады.

4. Құрылғы есігін жабыңыз. Жуу

бағдарламасы автоматты түрде

басталады.

Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу

бағдарламасын таңдап, іске қосыңыз
1. Құрылғыны іске қосыңыз.

2. Жуу бағдарламасын таңдаңыз.

3. Кешіктіріп бастау функциясы

түймешігін тиісті сағатты көрсететін

индикатор шамы жанғанша қайта-

қайта басыңыз.

4. Құрылғы есігін жабыңыз.

– Кері санақ автоматты түрде

басталады.

– Кері санақ аяқталған кезде, жуу

бағдарламасы автоматты түрде

басталады.

Құрылғы есігі ашылса, кері санақ

кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері

санақ тоқтаған жерінен бастап

жалғасады.

Жуу бағдарламасын кідірту
• Құрылғы есігін ашыңыз.

– Жуу бағдарламасы тоқтайды.

• Құрылғы есігін жабыңыз.

– Жуу бағдарламасы үзілген жерінен

бастап жалғасады.

Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп

бастау функциясын біржола тоқтату

тәсілі

Жуу бағдарламасы немесе

кешіктіріп бастау функциясы

басталмаса, параметрді

өзгертуіңізге болады.

Жуу бағдарламасы немесе

кешіктіріп бастау функциясы жұмыс

істеп тұрса, параметрді өзгерту

мүмкін емес. Жаңа параметр таңдау

үшін жуу бағдарламасын немесе

кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтату керек.
Кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтатсаңыз, таңдалған жуу

бағдарламасы да автоматты түрде

тоқтайды. Жуу бағдарламасын қайта

таңдау қажет болады.

1. Барлық бағдарлама шамдары

жанғанша, B және C функция

түймешіктерін басып ұстап тұрыңыз.

2. Жаңа жуу бағдарламасын бастар

алдында, жуғыш зат үлестіргіште

electrolux 11

Advertising