Жуу программасын таңдау және бастау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF45030W

Страница 34

Advertising
background image

Жуу программасын таңдау және бастау

Жуу бағдарламасын орнатып, бастау

үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1. Есікті жабыңыз.

2. Жуу бағдарламасын орнату үшін

бағдарлама түймешесін бұраңыз.

'Жуу бағдарламалары' тарауын

қараңыз.

– Циклді көрсететін шам не жуу

бағдарламасының шамдары

жыпылықтай бастайды.

– Сандық бейнебетте

бағдарламаның ұзақтығы

жыпылықтайды.

3. Бастау/болдырмау түймешігін

басыңыз.

– Жуу бағдарламасы автоматты

түрде басталады.

– Бағдарлама басталған кезде тек

орындалып тұрған циклдің шамы

ғана жанған қалпы тұрады.

Бағдарламаның ұзақтығы тұрақты

жанып тұрады.

Жуу бағдарламасы орындалып

тұрған кезде бағдарламаны өзгерте

алмайсыз. Жуу бағдарламасын

біржола тоқтатыңыз.
Назарыңызда болсын! Жуу

бағдарламасын тек қажет жағдайда

ғана үзіңіз не біржола тоқтатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Есікті

абайлап ашыңыз. Ыстық бу шығып

кетуі мүмкін.

Жуу бағдарламасын үзу
Есікті ашыңыз.

• Бағдарлама тоқтайды.

Есікті жабыңыз.

• Бағдарлама үзілген жерінен бастап

жалғасады.

Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
• Бастау/болдырмау түймешігін басып

ұстап тұрыңыз.

– Сандық бейнебетте бағдарламаның

ұзақтығы жыпылықтайды.

– Бір немесе бірнеше цикл шамдары

жанады.

Жуу бағдарламасы біржола тоқтайды.

Осы кезде мына қадамдарды

орындауға болады:

1. Құрылғыны өшіріңіз.

2. Жаңа жуу бағдарламасын

орнатыңыз.

Жаңа жуу бағдарламасын орнатпай

тұрып жуғыш зат үлестіргішке жуғыш

заттан салыңыз.

Бағдарламаға кешіктіріп бастау

функциясын қосып орнату және бастау
1. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.

2. Кешіктіріп бастау түймешігін

бейнебетте жуу бағдарламасының

қанша сағатқа кешігіп

басталатындығы жыпылықтап

көрінгенше басыңыз. Сандық

бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты

жыпылықтайды.

3. Бастау/болдырмау түймешігін

басыңыз.

– Кешіктіріп бастау функциясының

кері санағы басталады.

– Жуу бағдарламасы циклдерінің

анықтағыш шамдары өшеді.

– Сандық бейнебетте кешіктіріп

бастау функциясының уақыты

тұрақты жанып тұрады.

Кері санақ аяқталған кезде жуу

бағдарламасы автоматты түрде

басталады. Орындалып тұрған циклдің

анықтағыш шамы жанады.

Кері санақ тоқтап қалмас үшін кері

санақ орындалып тұрған кезде есікті

ашпаңыз. Есікті қайта жапқан кезде

кері санақ тоқтаған жерінен бастап

жалғасады.

Кешіктіріп бастау функциясын

болдырмау
1. Бастау/болдырмау түймешігін басып

ұстап тұрыңыз.

– Циклдің анықтағыш шамдары

немесе шамы жанады.

– Сандық бейнебетте

бағдарламаның ұзақтығы жанады.

2. Жуу бағдарламасын бастау үшін

бастау/болдырмау түймешігін

басыңыз.

Жуу бағдарламасының соңы
Құрылғыны төмендегі жағдайларда

өшіріңіз:

• Құрылғы автоматты түрде тоқтағанда.

34 electrolux

Advertising