Бірінші қолданғанға дейін, Су жұмсақтайтын бұйымын салу – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF45030W

Страница 25

Advertising
background image

Multitab түймешігі
Multitab функциясын қосу/өшіру үшін осы

түймешікті басыңыз. 'Multitab функциясы'

тарауын қараңыз.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Кешіктіріп бастау түймешігін жуу

бағдарламасын 1 мен 19 сағат

арасындағы интервал бойынша

кешіктіріп бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу

бағдарламасын орнату және бастау'

тарауын қараңыз.
Сандық бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:

• Су жұмсартқыштың орнатылған

деңгейі.

• Шайғыш зат үлестіргіштің қосулы/

өшірулі (тек multitab функциясы

қосылып тұрғанда) тұрғандығы,

• Бағдарлама ұзақтығы.

• Бағдарламаның соңына дейін қалған

уақыт.

• Бағдарламаның соңы; бұл кезде

сандық бейнебетте нөл көрсетіледі.

• Кешіктіріп бастаудың сағаттық мәні.

• Ақаулық кодтары.

Параметрлерді орнату режимі
Құрылғы мына жағдайда параметрлерді

орнату режимінде тұрады:

• Бір немесе бірнеше цикл шамдары

жанса.

• Сандық бейнебетте бағдарламаның

ұзақтығы жыпылықтаса.

Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы

параметрлерді орнату режимінде тұруға

тиіс:

– Жуу бағдарламасын орнату үшін.

– Су жұмсартқыштың деңгейін орнату

үшін.

– Шайғыш зат үлестіргішін ажырату/қосу

үшін.

Құрылғы мына жағдайда параметрлерді

орнату режимінде тұрмайды:

• Бір немесе бірнеше цикл шамдары

жанса.

• Бағдарламаның ұзақтығы

жыпылықтамаса.

Бұндай жағдайда параметрлерді орнату

режиміне ауысу үшін бағдарламаны

біржола тоқтату қажет. 'Жуу

бағдарламасын орнату және бастау'

тарауын қараңыз.

Бірінші қолданғанға дейін

Процедураның әр сатысы үшін төмендегі

нұсқауларды орындаңыз:

1. Су кермектігінің деңгейінің

аймағыңыздағы судың кермектігіне

сай келетініне көз жеткізіңіз. Қажет

болса су жұмсартқышты орнатыңыз.

2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина

тұзынан салыңыз.

3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш

заттан салыңыз.

4. Ыдыс жуғыш машинаға ас құралдары

мен ыдыс-аяқтарды салыңыз.

5. Жуу бағдарламасын ыдыстың

қаншалықты салынғандығына және

ластанғанына қарап дұрыс

орнатыңыз.

6. Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш затты

тиісті мөлшерде салыңыз.

7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.

Егер құрама жуу таблеткаларын('3 in

1', '4 in 1', '5 in 1' т.с.с.) қолдансаңыз,

'Multitab функциясы' тарауын

қараңыз.

Су жұмсақтайтын бұйымын салу

Су жұмсартқыш суды құрамындағы

минералдар мен тұздардан тазартады.

Минералдар мен тұздар құрылғы

жұмысына теріс әсер етеді.

Судың кермектігі эквивалент мәндермен

есептеледі:

• Германия,(dH°).

• Франция,(°TH).

• ммоль/л (бір литрдегі миллимоль - су

кермектігін анықтайтын халықаралық

бірлік).

• Кларк.

Су жұмсартқыштың деңгейін өзіңіз

тұратын жердегі судың кермектігіне

лайықтаңыз. Қажет болса, суды

басқаратын жергілікті мекемеге

хабарласыңыз.

electrolux 25

Advertising