Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF45030W

Страница 22

Advertising
background image

• Көз, ауыз қуысы мен кеңірдек күйіп

қалмас үшін ыдыс жуғыш машинаға

арналған жуғыш заттарды пайдалану

туралы өндіруші нұсқауларын

орындаңыз.

• Ыдыс жуғыш машинадағы суды

ішпеңіз. Жуғыш заттың қалдығы

құрылғы ішінде қалып қоюы мүмкін.

• Жарақат алып не ашық тұрған есікке

соғылып қалмас үшін құрылғыны

пайдаланбаған кезде есігін әрқашан

жауып қойыңыз.

• Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз

не үстіне шықпаңыз.

Бала қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны тек ересек адам ғана

қолдануға тиіс. Балаларды

құрылғымен ойнап қоймас үшін

қадағалап отыру қажет.

• Орам материалдарының барлығын

балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып

кету қаупі бар.

• Жуғыш заттардың барлығын сенімді

жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш

затқа жолауға рұқсат бермеңіз.

• Құрылғы есігі ашық тұрған кезде

балаларды алыс ұстаңыз.

Орнату
• Тасымалдау кезінде құрылғының еш

жеріне нұқсан келмегенін тексеріңіз.

Бүлінген құрылғыны ешқашан

қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға

хабарласыңыз.

• Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам

материалдарының барлығын алыңыз.

• Құрылғыны электр желісіне білікті әрі

уәкілетті маман қосуға тиіс.

• Құрылғыны құбыр желісіне білікті әрі

уәкілетті маман қосуға тиіс.

• Бұл өнімнің құрылымын бұзбаңыз,

оған еш өзгерту енгізбеңіз. Жарақат

алуыңыз және құрылғыға нұқсан келуі

мүмкін.

• Құрылғыны пайдаланбаңыз, егер:

– электр сымы не су құятын, төгетін

түтікшелері зақымдалса,

– басқару панелі, жұмыс алаңы не

қабырғасына нұқсан келіп

құрылғының ішкі жағы қол

жетерліктей ашық қалса.

Жергілікті қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

• Құрылғының гидравликалық не электр

бөлшектеріне зақым келмес үшін оның

қабырғасын бұрғымен теспеңіз.

Назарыңызда болсын! Электр және

су жүйелеріне қосқан кезде

нұсқауларды мұқият орындаңыз.

22 electrolux

Advertising