Күтім және техникалық қызмет көрсету – Инструкция по эксплуатации Indesit K1E1

Страница 43

Advertising
background image

KZ

43

Қоршаған ортаны сақтау және қорғау

• Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек

пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз

етуші желілік компаниялардың ең жоғары

жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.

• ГРИЛЬ және ҚОС ГРИЛЬ режимдері

пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою

қажет. Бұл қуатты үнемдей отырып (шамамен 10%),

жақсы нәтижеге жеткізеді.

• Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке

тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін

тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың

сыртқа шығуын болдырмайсыз.

Құрылғыны өшіру

Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын

құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.

Құрылғыны тазалау

! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш заттар

немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты қырғыш немесе

таттандыратын тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз. олар

құрылғы беттерін біржола сызып тастауы мүмкін.

! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе

шаңсорғышпен тазаламаңыз.

• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы

бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы

суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен

тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы

өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны

шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды

немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.

• Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде

мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты

пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ шүберекпен

құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз.

• Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес

тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен

мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір

темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар

әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.

• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты

жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш

машинаға жууға болады.

• Кір мен майды басқару тақтасынан қырғыш емес

губкамен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу қажет.

• Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт

тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында

фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі

мүмкін. Жуып болған соң оны жақсылап шайып,

мұқият құрғатыңыз. Сондай-ақ, қалып қойған

барлық су тамшыларын сүртіп алу қажет.

Қақпақ
Пеш қақпақпен жабдықталған

болса, бұл қақпақты жылы сумен

тазалау керек. Қырғыш заттарды

пайдаланбаңыз.

Плитаның артқы жағын тазалауды

жеңілдету үшін қақпақты шешіп

алуға болады. Қақпақты толығымен

ашып, оны жоғары қарай тартыңыз

(суретті қараңыз).
! Оттықтар жанып тұрған кезде немесе әлі ыстық

болғанда қақпақты жаппаңыз.

Пеш тығыздағыштарын тексеру

Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.

Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын

жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға

дейін пешті пайдаланбауды ұсынамыз.

Пеш шамын ауыстыру

1. Пешті токтан ажыратқаннан

кейін шам ұясын жауып тұрған

шыны қақпақты шешіп алыңыз

(суретті қараңыз).

2. Шамды алып, оны сондай

басқа шаммен ауыстырыңыз:

кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт,

цоколі E 14.

3. Қақпақты орнына қойып, пешті

токқа қайтадан қосыңыз.

Көмек

Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:

• Құрылғының моделі (Мод.).

• Сериялық нөмірі (С/н).

Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме

кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.

Күтім және техникалық

қызмет көрсету

KZ

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: