Инструкция по эксплуатации LG LGM320 X power 2

Страница 255

Advertising
background image

7

Қауіпсіз жəне тиімді пайдалану туралы нұсқаулар

Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені

гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.

Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш немесе

спирт қолданбаңыз).

Құрылғыны жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.

Құрылғыны жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.

Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға шығармаңыз.

Құрылғыны кредит картасы немесе көлік билеттері жанында ұстамаңыз,

ол магнитті жолақтағы ақпаратқа əсер етуі мүмкін.

Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, ол құрылғыны зақымдауы

мүмкін.

Құрылғыға сұйықтық төгіп алмаңыз жəне оны ылғал жерге қоймаңыз.

Құлаққап сияқты қосалқы құралдарды абайлап пайдаланыңыз. Қажет

болмаса, антеннаға тимеңіз.

Сынған, шытынаған немесе жарығы бар əйнекті пайдаланбаңыз,

ұстамаңыз жəне алуға немесе жөндеуге əрекет жасамаңыз. Тиісті түрде

қолданбағаннан болған əйнектегі зақымдар кепілдікпен жөнделмейді.

Құрылғыңыз — қалыпты жұмыс кезінде ыстық шығаратын электрондық

құрылғы. Ұзақ уақыт бойы, жеткілікті желдеткіштің жоқтығынан терімен

тікелей байланыста болу ыңғайсыздықты немесе болмашы күйікті

тудыруы мүмкін. Сондықтан, құрылғыны пайдалану барысында немесе

одан кейін абайлап ұстаңыз.

Құрылғыңыз ылғалданып қалса, оны дереу ажыратып, толығымен

құрғатыңыз. Кептіру процесін тездету үшін пеш, микротолқынды пеш

немесе шаш кептіргіш сияқты сыртқы жылыту көзін пайдаланбаңыз.

Өнімге сұйықтықтың тиіп қалмауына көз жеткізіңіз. Өнімді сулы күйінде

пайдаланбаңыз немесе зарядтамаңыз. Өнім суланып кеткенде,

сұйықтықтан зақымдалу индикаторы түсін өзгертеді. Мұндай зақым

нəтижесінде кепілдік бойынша ұсынылатын ақысыз жөндеу қызметтеріне

қол жеткізу шектелетінін ескеріңіз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: