Ақаулықты түзету, 3 сыртын тазалау, 4 ішін тазалау – Инструкция по эксплуатации AEG F65040VI1P

Страница 31

Advertising
background image

9.3 Сыртын тазалау

Құрылғыны дымқыл, жұмсақ

шүберекпен тазалаңыз.

Тек бейтарап тазартқыш заттарды

қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,

түрпілі жөкені немесе еріткіштерді

пайдаланбаңыз.

9.4 Ішін тазалау

Егер қысқа бағдарламаларды жиі

пайдалансаңыз, құрылғының ішінде

май немесе әк жиналып қалуы мүмкін.

Бұндай жағдайдың алдын алу үшін

ұзақ бағдарламаларды айына кем

дегенде 2 рет қосып орындауды

ұсынамыз.

10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Құрылғы жұмысын бастамай жатыр

немесе жұмыс жасап тұрған кезде

тоқтап қалады.

Қызмет көрсету орталығына

хабарласпай тұрып, ақаулықты

шешуге қатысты ұсыныстарды

орындаңыз.

Кей ақаулықтар орын алғанда,

бейнебетте ескерту кодтары

көрсетіледі:

- Құрылғыға су құйылмай тұр.

- Құрылғының суы төгілмей тұр.

- Тасқынға қарсы құрал қосулы.

Назарыңызда болсын!

Тексеріп көру алдында

құрылғыны тоқтан

ажыратыңыз.

Ақаулық

Ықтимал шешімі

Құрылғыны іске қоса

алмасаңыз.

Ашаның розеткаға қосылғанына көз

жеткізіңіз.

Сақтандырғыш қорабындағы

сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз

жеткізіңіз.

Бағдарлама басталмай тұр.

Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз

жеткізіңіз.

Егер кешіктіріп бастау функциясы

орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз

немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.

Құрылғыға су құйылмай тұр.

Су шүмегінің ашық тұрғанына көз

жеткізіңіз.

Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың

қысымының өте төмен емес екеніне көз

жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су

ресурстары мекемесіне хабарласып

алыңыз.

Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз

жеткізіңіз.

Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп

қалмағанына көз жеткізіңіз.

Су құятын түтіктің бұратылып немесе

майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.

ҚАЗАҚ

31

Advertising