Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу, Бағдарламаны біржола тоқтату, Бағдарламаның соңы – Инструкция по эксплуатации AEG F65040VI1P
Страница 28
көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
• Бейнебетте бағдарламаның
нөмірі жыпылықтайды.
• Қаласаңыз, тиісті функцияларды
орната аласыз.
4. Құрылғының есігін жабыңыз,
бағдарлама басталады.
Бағдарламаның уақыты 1 минутқа
тең қадаммен азая бастайды.
Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген кешіктіріп
бастау уақыты (1- 24 сағат)
көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау
уақыты жыпылықтайды.
• Delay индикаторы жанады.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ
басталады.
• Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды.
Есікті жапқаннан кейін, құрылғы
тоқтаған жерінен бастап жұмыс
істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған
кезде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
Кешіктіріп бастау уақытын біржола
тоқтатқанда бағдарлама да біржола
тоқтайды.
1. RESET түймешігін басыңыз.
Бейнебетте 2 көлденең қалып-күй
жолағы көрсетіледі.
2. Бағдарламаны қайта орнатыңыз.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
1. RESET түймешігін басыңыз.
Бейнебетте 2 көлденең қалып-күй
жолағы көрсетіледі.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың бар
екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бейнебетте 0 көрсетіледі де, аяқтау
индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/сөндіру түймешігін
баспасаңыз, бағдарлама
аяқталғаннан кейін бірнеше
минут өткенде AUTO OFF
функциясы құрылғыны
автоматты түрде сөндіреді.
Бұл электр қуатын аз тұтынуға
көмектеседі,
Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан
суығаннан кейін ғана алыңыз.
Ыстық ыдыстар осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі ыдысты
алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен
есігіне су тұруы мүмкін. Тот
баспайтын болат, ыдыс-аяққа
қарағанда тез салқындайды.
28 www.aeg.com