Инструкция по эксплуатации Lenovo K920 Smartphone
Страница 58
50
Lenovo телефоны желілік ресурсқа кірген кезде компьютерлік вирустарға,
хакерлерге, шпиондар мен өзге қауіпті əрекеттер салдарынан Lenovo
телефоныңыздың бағдарламалық жасақтамасы немесе деректері
зақымдалуы мүмкін. Брандмауэр, бағдарламалық жасақтамалар
антивирусы жəне бағдарламалық жасақтаманың шпиондық антивирусы
сияқты қорғаныс түрлерін орнатып, оны белсенді күйде сақтау сіздің
жауапкершілігіңіз.
Электр желдеткіші, радио, жоғарғы қуатты динамикалар, кондиционер,
жəне микротолқынды пештер сияқты электр қондырғыларын Lenovo
телефонынан аулақ ұстаңыз. Құрылғылармен пайда болатын күшті
магниттік өрістер Lenovo телефонының экранын жəне деректерін
зақымдауы мүмкін.
Поливинилхлорид (ПВХ) кабелі мен сымының нұсқаулығы
ЕСКЕРТУ
Осы өніммен жеткізілетін аксессуарлардың заттарын, осы өнімдегі сымды
ұстаған кезде сіз қорғасынмен байланысқа түсесіз, қорғасын Калифорнияда
штатында рак және туа біткен ауытқулар немесе репродуктивті функцияның
өзге ауытқушылықтарын туындатады. Телефонды ұстағаннан соң қолыңызды
жуыңыз.
Жергілікті заңмен жəне ережелермен жою
Lenovo телефонының қолдану мерзімі аяқталғаннан соң, оны таптамаңыз,
өртемеңіз, суға батырмаңыз немесе жоймаңыз, қарсы жағдайлар жергілікті
заң мен ережелерге қайшы болып табылады. Егер дұрыс емес жойылса,
кейбір құрама бөлшектері жарылып, ағып немесе қоршаған ортаға
негативті əсер ететін заттардан құралған.
Қосымша ақпарат алу үшін “Экологиялық, қайта өңдеу жəне жою
туралы ақпараттарды” қараңыз.