Өңдеу туралы маңызды ақпарат – Инструкция по эксплуатации Lenovo K920 Smartphone
Страница 57
49
Өңдеу туралы маңызды ақпарат
Тазалау
Кір, сия, макияж не лосьон сияқты дақтың пайда болуына əкеп соқтыратын
барлық заттардан Lenovo телефонын жедел түрде тазалаңыз. Тазалау:
Барлық кабелдерді ажыратып, Lenovo телефонын сөндіріңіз (Sleep/Wake
түймесін басып тұрып, экран бетіндегі жүгірткіні жылжытыңыз).
Жұмсақ мата қолданыңыз.
Саңылауларына ылғалдың түсуінен сақтаңыз.
Тазалау құралдары мен қысымдалған ауаны қолданбаңыз.
Жұмыс температурасы
Lenovo телефонының қызуын қадағалаңыз. Lenovo телефонын қолдану
кезінде оны электр құрылғылары мен электрлі ас-үй жылу жабдықтары
сияқты ыстық əрі жоғарғы вольтты ортадан аулақ ұстаңыз. Зақым келтіріп
алмау үшін Lenovo телефонын -10°C (14°F) – 45°C (113°F) температура
аралығында ғана пайдаланыңыз.
Lenovo телефоны қосулы болғанда немесе батарея қуат алып тұрған кезде,
оның бірнеше бөліктері ыстық болуы мүмкін. Олардың температуралары
жүйе белсенділігінің есебіне жəне батареядағы зарядталу деңгейіне
байланысты болады. Денеңізбен ұзақ уақыт байланыста болу, тіпті киім
арқылы, жайсыздық туындатуы, кейде тіпті теріні күйдіруі мүмкін. Lenovo
телефонының ыстық бөлігін қолыңызға, тізеңізге немесе басқа дене
бөліктеріне ұзақ уақыт бойы тигізіп ұстамаңыз.
Мəліметтер мен бағдарламалық жасақтаманы қорғау
Өзіңіз жасамаған, белгісіз файлдарды жоймаңыз немесе өзгертпеңіз,
қарсы жағдайда Lenovo телефонының жасақтамасының жұмысы
зақымдалуы мүмкін.