Маңызды ақпарат – Инструкция по эксплуатации Panasonic ES-RT81

Страница 34

Advertising
background image

4


Қа

зақша

Маңызды ақпарат

Қолдану алдында

Осы ЫЛҒАЛ/ ҚҰРҒАҚ ұстара қырыну көбігін пайдаланып ылғал

қырынуға немесе құрғақ қырынуға мүмкіндік береді. Бұл су

өтпейтін ұстараны душта қолдануға және қырынып болған соң

сумен шайып тазалауға болады. Төменде көрсетілген белгі Ылғал

қырынуды білдіреді. Бұл белгі қолмен ұстайтын бөлігін ваннада

немесе душта қолдануға болатынын білдіреді.

Кемінде үш апта көпіршікпен ылғал қырынуды пайдаланып сіздің

теріңіздің қаншалықты жақсарғанын байқайсыз. Сіздің Панасоник

ЫЛҒАЛ/ ҚҰРҒАҚ ұстараға үйренуге кішкене уақыт талап етеді,

себебі сіздің теріңіз бен сақалыңыз қырынудың жаңа әдісіне

үйренуіне шамамен бір ай уақыт керек қылады.
Ұстараны колдану

Алдын ала ескерту

Сыртқы торша өте жұқа және де дұрыс қолданбаған

жағдайда бұзылуы мүмкін. Торша бұзылған жағдайда

ұстараны пайдаланбаған жөн болар, өйткені ол сіздің

теріңізді кесіп кетуі мүмкін.

Ұстараны зарядтау

Кез келген ток желісін, айнымалы ток адаптерін немесе қайта

зарядтау құралын пайдаланбаған жөн, арнайы осы үлгіге

жобаланған модельді қолданыңыз. RE7‑51 адаптерін тек ES‑RT81

ұстарасымен ғана пайдаланыңыз. Адаптерді тұрмыстық ток

желісіне қосқанда ылғалдылық жоқтығын ескере отырыңыз және

де ұстараны ұстаған кезде қолыңыз құрғақ болғаны жөн. Ұстара

және қайта зарядтау құралы қолдану мен зарядтау кезінде қызуы

мүмкін. Соған қарамастан бұл жағдай бұзылыс деп есептелмейді.

Тікелей күн сәулесі немесе басқа да жылу көздеріне жақын

жерлерде ұстараны зарядтамаңыз. Адаптерді ток желісінен алған

кезде, оны қолда ұстап тұрған жөн. Ток желісінен айырған кезде,

сым желісін тартпаңыз, себебі ол бұзылуы мүмкін. Сым желісі

ауыстырыла алмайды. Егер сым желісі бұзылса, құрал жойылуға

жатады.
Ұстараны тазалау

Ескерту

Электр ток соғуын болдырмау үшін электр сым желісін

ұстараны cуда тазаламас бұрын ажыратыңыз.

Ішкі жүздің екеуін де ішіне орнату керек. Ішкі жүздердің біреуі ғана

өз орнында болса, ұстараға зақым келуі мүмкін. Ұстараны сумен

тазалау кезінде тұзды немесе ыстық суды пайдаланбаған жөн.

Ұстараны суда ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Құрылғыны сабынды

сумен дымқылданған шүберекпен сүртіңіз. Еріткіш, бензин не

спиртті пайдаланбаңыз.
Ұстараны сақтау

Ұстараны сақтау кезінде электр сым желісін ажыратыңыз. Электр

сым желісін майыстырмаңыз немесе ұстараға орамаңыз. Аталмыш

құрал денелік, сенсорлық немесе ақыл ой қабілеттіліктері кем,

білім және тәжірибе таршылығы бар адамдарға (балаларды

санағанда) пайдалануға арналмаған, құралды олардың

қауіпсіздігіне жауапты адамның басшылығымен ғана қолдануға

болады. Балаларға құралмен ойнауды болдыртпау мақсатымен

бақылау жүргізілу керек. Аталмыш пайдалану туралы нұсқауды

қауіпсіз орында сақтаңыз.
Өзін-өзі тазалау мүмкіндігі бар қайта зарядтау құралы

Адаптерді немесе өзін‑өзі тазалау мүмкіндігі бар қайта зарядтау

құралын суда тазаламаңыз, өйткені оларға зақым келуі немесе

электр ток соғуы мүмкін. «Кептіруді» қамтитын кез келген режімі

жұмыс ісеп тұрған кезде ұстараны құрылғыдан алмаңыз.

Қыздырғыш жұмыс істегендіктен жүздер айналасы өте ыстық

болғандықтан, Сіз күйік алуыңыз мүмкін.

Өзін‑өзі тазалау мүмкіндігі бар қайта зарядтау құралын тегіс әрі

Advertising