Жиі қойылатын сұрақтар, Техникалық қызмет көрсету, Шнур ашасы – Инструкция по эксплуатации Panasonic TX-LR39E6W

Страница 51

Advertising
background image

Қа
зақша

15

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақауды шешу үшін қызмет немесе көмекке жүгінбес бұрын мына қарапайым нұсқауларды орындаңыз.

Қосымша ақпаратты [eHELP] бөлімінен алыңыз (Қолдау көрсету > Жиі қойылатын сұрақтар).

Теледидар қосылмайды

Қуат сымының теледидар мен розеткаға қосылғанын тексеріңіз.

Теледидар күту режиміне өтеді

Автоматты қуат сақтау функциясы іске қосылған.

Қашықтан басқару пульті істемейді

Батареялар дұрыс салынған ба? (10-бет)

Теледидар қосылды ма?

Батареялардың қуаты азаюы мүмкін. Оларды жаңасымен ауыстырыңыз.

Қашықтан басқару пультін тікелей теледидардың қашықтан басқару пультінің сигналын қабылдағышқа
бағыттаңыз (сигнал қабылдағыштан 7 м аралықта жəне 30 градус бұрышта).

Теледидардың қашықтан басқару пульті сигналынын қабылдағышына кедерге етпеуі үшін теледидарды күн
сəулесі немесе өзге да қатты жарық көздерінен алшақ орнатыңыз.

Ешқандай кескінді көру мүмкін емес

Теледидардың қосылғанын тексеріңіз.

Қуат сымының теледидар мен розеткаға қосылғанын тексеріңіз.

Дұрыс кіріс режимінің таңдалғанына көз жеткізіңіз.

Сыртқы жабдықтың шығысына сəйкес келу үшін [AV2] ([COMPONENT] / [VIDEO]) параметрін [Выбор входа]
ішінен тексеріңіз.

Сурет мəзіріндегі [Контраст], [Яркость] немесе [Цвет] ең төмен деңгейге орнатылған ба?

Барлық қажетті кабельдері мен қосылымдарының орнында екеніне көз жеткізіңіз.

Əдеттегіден тыс кескін шығады

Теледидарды қуат көзін қосу / ажырату қосқышы арқылы өшіріңіз, сосын оны қайтадан қосыңыз.

Егер ақау кетпесе, барлық орнатуларды қайта бастаңыз.

[Начальные установки] келесіде: [Системное меню] (Орнату мəзірі)

Теледидар бөлшектері қызып кеткен

Алдыңғы, жоғары жəне артқы тақта бөлшектерінің температурасы көтерілсе де, мұндай температураның
жоғарылуы орындалуға немесе сапаға ешқандай кедергі келтірмейді.

Саусақпен итергенде СКД панелі аздап жылжиды жəне дыбыс шығады

Панельдің зақымдалуын болдырмау үшін панельдің айналасында біраз икемділік болады. Бұл ақауға жатпайды.

Техникалық қызмет көрсету

Алдымен шнурдың ашасын розеткадан ажыратыңыз.

Дисплей панелі, корпус, негіз

Үнемі қадағалап отырыңыз:
Панель дисплейі, корпус жəне негіз бетін абайлап арнайы не болмаса басқа жұмсақ шүберекпен тазалап сүртіңіз.
Дақтарды кетіру үшін:
Алдымен бетіндегі щаңнан тазалаңыз. Жұмсақ шүберекті таза сумен немесе сұйытылған жұмсақ детергентпен
(судың 100 бөлігіне детергенттің 1 бөлігі) сулаңыз. Шүберекті сығып, бетін сүртіңіз. Осыдан кейін аппарат бетін
құрғақ таза шүберекпен қайта сүртіңіз.

Сақтаныңыз

Қатты шүберекті пайдалануға немесе бетін қатты ысқылауға болмайды, керісінше жағдайда бұл бетіне
сызаттар түсіруі мүмкін.

Теледидар бетіне су не химиялық тазартқыштар тигізбеңіз. Tеледидардағы сұйықтық өнімнің ақаулығына
алып келуі мүмкін.

Бетіне жəндікке қарсы, езгіш, ерітінді немесе басқа ұшатын заттарды жақындатпаңыз. Бұл аппарат сыртының
сапасын нашарлатуы не бояуын кетіріп жіберуі мүмкін.

Дисплей панелінің бетіне арнайы күтім керек жəне тез зақымдалуы мүмкін. Дисплей бетін тырнағыңызбен не
басқа өткір затпен тырнамаңыз.

Корпусы мен негізіне резеңке немесе поливинхлоридті заттың ұзақ уақыт тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл
аппарат сыртының сапасын нашарлатуы мүмкін.

Шнур ашасы

Шнурдың ашасын құрғақ шүберекпен уақытылы сүртіп тұрыңыз. Дымқыл мен шаң өрттің шығуына немесе ток
соғуға себеп болуы мүмкін.

Advertising