Инструкция по эксплуатации Sony VPCSE2F1E

Страница 59

Advertising
background image

59

KZ

Құрметті тұтынушы,

Sony өнімін сатып алғаныңызға рақмет. Оны пайдаланып, қуанышты боласыз деп
үміттенеміз.
Қандай да болмасын ақаулықтар туындаған жағдайда Сізге VAIO қолдау қызметі
қажетті кепілді қолдау көрсетеді. Аппараттық емес ақаулықтарды өз бетіңізбен жоюға
көмек алу үшін, сондай- ақ запас бөлшектерді ауыстыру қажет болған жағдайда Сізге
сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін VAIO қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Түсініспеушіліктер туындамас үшін, кепілді жөндеу қызметыіне хабарласпасы бұрын,
берілген құжатты мұқият оқып шығуға кеңес береміз.

Кепілдігіңіз

Бұл кепілдік, егер бұл оған қосылып берілетін кітапшаларда көрсетілсе, жəне құрылғы
кепілдіккүшінде болатын аймақта сатып алынған жағдайда Sony құрылғысына таралады.
Sony компаниясы кассалық чек болмаған жағдайда, құрылғыны алғаш рет сатып алған
мезетте, алғаш сатып алған күннен немесе шығарылған күнінен бастап кепілідк мерзімі
бойы бұйым материалдарында кемшіліктер мен өндірістік ақау болмайтынына кепілдік
береді. Кепілдіктің күшінде болуының дəл мерзімін алдыңғы беттен қараңыз.
Егер кепілдік кезеңі аралығында өнімде тиісті емес материалдарға немесе жасап
шығаруға қатысты ақаулық бар екені анықталса (бастапқы сатып алу кезеңінде),
кепілдік аймағындағы Sony немесе ASN мүшесі төмендегі шарттар мен шектеулерді
сақтай отырып, еңбек немесе бөлшектерге ақы алмастан өнімді немесе оның ақаулықты
бөлшектерін жөндейді немесе (Sony компаниясының шешімі бойынша) ауыстырады.
Sony жəне ASN мүшелері ақаулықты өнімдерді немесе бөлшектерді жаңа немесе
қалпына келтірілген өнімдермен немесе бөлшектермен ауыстыра алады. Ауыстырылған
барлық өнімдер жəне бөлшектер Sony компаниясының меншігіне айналады.

Шарттар

1

Кепілдік қызмет көрсету жұмыстары кепілділік кезеңі ішінде бұзылған құрылғымен
бірге жеткізілетін төлеуге берілетін шот тұпнұсқасы немесе чек (сату күні, үлгі
атауы жəне дилердің атауы көрсетілген) болғанда жүргізіледі. Sony компаниясы
жəне техникалық қызмет көрсету желісінің өкілдері аталған құжаттар болмаған
жағдайда, сондай-ақ олардың толық немесе дəл толтырылмаған жағдайында
ақысыз кепілдік қызмет көрсетуден бас тартуға хақылы. Егер бұйым үлгісінің атауы
немесе серия нөмірі өзгертілген, жойылған, кетірілген немесе сəйкестендіру мүмкін
болмайтындай етіп зақымданса, кепілдік күшін жояды.

2

Алынбалы деректер қоймасы құралының немесе қосалқы құрылғылардың
зақымдалуын немесе жоғалуын/өшуін болдырмау үшін өнімді кепілдік қызметіне
жіберу алдында оларды алу керек.

3

Бұл кепілдік тасымалдау шығындарын жəне өнімді Sony немесе ASN мүшесіне
қарай жəне одан қайта тасымалдаумен байланысты қауіптерді қамтымайды.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: