Қауіпсіздік / ережелер нұсқаулығы, Vaio компьютері туралы ақпарат, Қауіпсіздік туралы ақпарат – Инструкция по эксплуатации Sony SVE1713S1E
Страница 41
41
KZ
Қауіпсіздік / ережелер нұсқаулығы
VAIO
компьютері туралы ақпарат
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Ескерту: Бұл құрылғыны жерге қосу керек. (2 ашалы штепселі бар өнімдерден
басқа.)
Компьютерді ұстағанда, оның суығанын күтіңіз. Ауа шығатын саңылаудың
айналасы қатты ыстық болуы мүмкін.
Компьютерді тікелей тізеңізде пайдаланбауға кеңес беріледі. Қалыпты жұмыс
кезінде құрылғы астының температурасы артуы мүмкін жəне уақыт өте келе
ыңғайсыздыққа немесе күйіктерге əкелуі мүмкін.
Айнымалы ток адаптерін теріге тигізбеңіз. Ток адаптері қызып кетсе жəне
ыңғайсыздық тудырса, оны денеден алыс ұстаңыз.
VAIO
компьютерлері тек түпнұсқа Sony батареяларымен жұмыс істейтіндей
жасалған. Сондықтан VAIO компьютерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету
үшін тек түпнұсқа Sony қайта зарядталатын батареясын пайдалану керек.
Сіз сатып алған өнім үшін Sony компаниясы берген түпнұсқа Sony айнымалы ток
адаптерін пайдалану ұсынылады.
Бұл айнымалы ток адаптері IT өнімдерімен бірге ғана пайдалануға арналған.
Оны басқа мақсатта пайдаланбаңыз. Егер компьютермен бірге келген айнымалы
ток адаптерінің қуат кабелінде 3 ашалы штепсель болса, электр қосылымының
жерге дұрыс қосылуын қамтамасыз етіңіз.
Осы айнымалы ток адаптері тек бөлме ішінде пайдалануға арналған.
Кейбір модельдерде əр елге қатысты берілген қуат сымдары болады. Еліңіздегі
қуат көзіне сай келетін қуат сымын пайдаланыңыз.
Компьютерді (қуат) түймешігімен өшіру компьютерді қуат көзінен толық
ажыратпайды. Оны толық ажырату үшін айнымалы ток адаптерін немесе қуат
кабелін қуат көзінен ажыратыңыз. Желілік розетка жабдық жанына орнатылуы
жəне оңай қол жетімді жерде болуы керек.
Негізгі құрылғыны немесе оның кез келген керек-жарақтарын кез келген себеппен
ашу немесе бөлшектеу кепілдік берілмейтін зақымдарға əкелуі мүмкін.
Электр тогының соғуын болдырмау үшін корпусты ашпаңыз. Қызмет көрсетуді
білікті мамандарға ғана орындатыңыз.
Өрт немесе ток соғу қаупін болдырмау үшін компьютерге немесе оның кез келген
керек-жарақтарына жаңбыр немесе ылғал əсерін тигізбеңіз.
Тасымалдау кезінде ықтимал зақымды жəне компьютердің тұтану қаупін
болдырмау үшін, алдымен кез келген берілген қосқыш қақпақтарын жəне слот
қорғағыштарын тиісті орындарына бекітіңіз жəне батарея алынбалы болса оны
батарея бөліміне салыңыз.
Компьютерді пайдаланған кезде батарея жинағын əрдайым орнына салынған
күйі ұстаңыз.
Батареядағы металл клеммаларды қысқа тұйықтамаңыз немесе оларға су,
кофе немесе сусын сияқты сұйықтық төгіп алмаңыз.
Күн сəулесі немесе жылытқыштар тікелей əсер ететін орындарға қоймау керек.
Ішкі шамадан тыс қызу, құрылғының өртенуіне немесе зақымдалуына əкелуі
мүмкін.
- SVE1713A6E SVT1313V1E SVS1513L1E SVE1713G1E SVE1513K1E SVE1713D4E SVL2413L1E SVE1513G1E SVE1713Z1E SVE1513W1E SVE1713O4E SVS1313X9R SVE1513S1R SVE14A3M1E SVE14A3V1E SVT1113L1R SVJ2022B4E SVS13A3C5E SVL2414L1E SVE1713W1E SVS1313E4E SVE1513B1E SVE1513O9E SVT1313K1R SVJ2022C5E SVS1513X9R SVT1511M1R SVS13A3Z9E SVE1513D4E SVS1313M9E