Пайдалану/қоқысқа тастау туралы сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации Sony VPCZ21X9E
Страница 51
Қауіпсіздік / ережелер нұсқаулығы
51
KZ
Пайдалану/қоқысқа тастау туралы сақтық шаралары
❑
Батарея
❑
Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі бар. Тек бірдей немесе өндіруші
ұсынған баламалы түрімен ауыстырыңыз. Пайдаланылған батареяларды
өндіруші нұсқауларына сай тастаңыз.
❑
Бұл құрылғыда пайдаланылған батарея дұрыс пайдаланылмаса, өрт немесе
химиялық күю қаупін тудыруы мүмкін.
❑
Бұзуға, бөлшектеуге, 60°C-тан (140°F) жоғары қыздыруға немесе жағуға
болмайды.
❑
Пайдаланылған батареяларды жылдам жəне тиісті түрде тастаңыз.
❑
Балалардан аулақ ұстаңыз.
❑
Батареядағы металл клеммаларды қысқа тұйықтамаңыз немесе оларға су,
кофе немесе сусын сияқты сұйықтық төгіп алмаңыз.
❑
Зақымдалған немесе ағып тұрған литий-ионды батареяларды пайдаланбаңыз.
❑
Кейбір аймақтарда литий-ионды батареяларды тұрмыс немесе іскери қоқысқа
тастауға тыйым салынуы мүмкін. Тиісті жалпы қоқыс жинау жүйесін
пайдаланыңыз.
❑
Резервтік жад батареясы
VAIO өніміңіз ішкі резервтік жад батареясымен жабдықталған. Оны өнімнің қызмет
көрсету мерзімінде ауыстырмау керек. Батареяны ауыстыру қажет болғанда,
рұқсат етілген Sony қызмет көрсету/қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
❑
AA батареялары
❑
Модельге байланысты VAIO компьютеріңізбен бірге AA батареяларынан қуат
алатын кейбір керек-жарақтар берілуі мүмкін. Батареяларды орнату үшін
нұсқаулықты қараңыз.
❑
Зақымдалған немесе ағып тұрған батареяларды пайдаланбаңыз.
❑
Батареялар дұрыс зарядталмаса, отқа салынса, басқа батареялармен бірге
пайдаланылса немесе дұрыс салынбаса жарылуы немесе ағыуы мүмкін.
❑
Батарея дұрыс пайдаланылмаса, өрт немесе химиялық күю қаупін тудыруы
мүмкін.
❑
Бұзуға, бөлшектеуге, 60°C-тан (140°F) жоғары қыздыруға немесе жағуға
болмайды.
❑
Пайдаланылған батареяларды жылдам жəне тиісті түрде тастаңыз.
❑
Балалардан аулақ ұстаңыз.
❑
Батареядағы металл клеммаларды қысқа тұйықтамаңыз немесе оларға су,
кофе немесе сусын сияқты сұйықтық төгіп алмаңыз.
❑
Қызмет көрсету мерзімінің соңында батареяларды тиісті түрде тастаңыз.
❑
Кейбір аймақтарда батареяларды тұрмыс немесе іскери қоқысқа тастауға
тыйым салынуы мүмкін. Тиісті жалпы қоқыс жинау жүйесін пайдаланыңыз.