Инструкция по эксплуатации Sony VAIO (Правила техники безопасности и сведения о поддержке)

Страница 42

Advertising
background image

42

Компьютер жұмыс істеп тұрғанда ауа шығару немесе кіргізу саңылауларын
жаппаңыз.

Ауа саңылауларын жабу ауа айналымын шектеп, ішкі шамадан тыс қызу болып,
компьютердің деформациясына, дұрыс жұмыс істемеуіне немесе өрт қаупіне
əкелуі мүмкін.

Тиісті ауа айналымын жəне қалыпты сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін
келесі сақтық шараларын сақтаңыз.

Компьютерді кілемдер, жастық немесе көрпелер сияқты матамен жабылған
беттерде, перде жанында немесе ауа тесіктерін жабуы мүмкін шаңды беттерде
пайдаланбаңыз. Компьютерді əрқашан тегіс беттерде пайдаланыңыз.

Матамен жабылған немесе оралған кезде компьютерді жəне/немесе
айнымалы ток адаптерін пайдаланбаңыз. Айнымалы ток адаптерінің таза
ортада жұмыс істеуін қамтамасыз етіңіз.

Компьютерді сөмкеге салмастан бұрын, компьютерді өшіріңіз немесе оны
ұйқы режиміне қойыңыз. Компьютер қуат көрсеткішімен жабдықталған болса,
қуат көрсеткішінің шамы өшкенін тексеріңіз.

Егер бұл жабдықты электромагниттік радиацияны шығаратын кез келген
жабдықтың жанына қойса, аудио жəне сурет бұрмалануы мүмкін.

Осы индукциялық құрылғыдан шығатын эмиссия жақын жердегі басқа радио
қызметтеріне кедергі жасауы мүмкін (NFC үлгілері үшін).

Америка Құрама Штаттарына жəне оның ішінде саяхаттағанда, АҚШ Тасымалдау
департаменті (DOT) жақында литий металы бар батареяларымен жəне
литий-ионды батареялармен саяхаттайтын жолаушыларға қатысты жаңа
ережелерді жариялағанынан хабардар болыңыз.
Толық ақпарат алу үшін келесі торапқа кіріңіз:
http://safetravel.dot.gov/whats_new_batteries.html.

Компьютерді жанғыш газы бар аэрозоль өнімдерімен (ауа тазартқыш, аэрозоль
спрейлері жəне т.б.) тазаламаңыз. Олай ету компьютер ішіне газ толтырып,
қозғалтқыштардан, қосқыш түйіспелерінен немесе компьютердің басқа ішкі
бөліктерінен ұшқын шықса, газ тұтанып, жарылысқа немесе өртке себеп болуы
мүмкін.

Advertising