Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D6500
Страница 169
Қазақша
25
04
Байланыстар
2-жағдай: дыбыс жүйесіне (Dolby
Digital немесе DTS декодері бар AV
ресивер) жалғау - Жақсырақ сапа
1. Оптикалық кабельдің көмегімен ойнатқыштың
артындағы DIGITAL AUDIO OUT (ОПТиКАЛЫҚ)
ұясын AV ресивердегі DIGITAL AUDIO IN
(ОПТиКАЛЫҚ) ұясына жалғаңыз.
2. Бейне сигналының кабел(ьдер)ін пайдаланып
ойнатқыштың артындағы HDMI, COMPONENT
немесе VIDEO OUT ұяларын теледидардың
HDMI, COMPONENT немесе VIDEO IN
ұяларына жалғаңыз. (21-23 беттерді қараңыз)
3. Ойнатқышты, теледидарды және AV
ресиверді қосыңыз.
4. Ойнатқыштан дыбыс шығару және сыртқы
кіріс сигналын таңдау үшін AV ресивердің
кіріс сигналын таңдау түймесін басыңыз.
AV ресивердің дыбыстың кіріс сигналын
реттеу үшін, AV ресивердің пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
5. Бейне көзін (HDMI, Компоненттік немесе
Бейне) таңдау үшін, теледидардың қашықтан
басқару құралындағы кіріс сигналының
таңдағышын басыңыз.
3-жағдай: дыбыс жүйесіне
(Стерео күшейткіш) жалғау -
Жақсы сапа
1. Дыбыс кабельдерінің көмегімен ойнатқыштың
артындағы AUDIO OUT (қызыл және ақ
түсті) ұяларын стерео күшейткіштің AUDIO
IN (қызыл және ақ түсті) ұяларына жалғаңыз.
2. Бейне сигналының кабел(ьдер)ін пайдаланып
ойнатқыштың артындағы HDMI, COMPONENT
немесе VIDEO OUT ұяларын теледидардың
HDMI, COMPONENT немесе VIDEO IN
ұяларына жалғаңыз. (21-23 беттерді қараңыз)
3. Ойнатқышты, теледидарды және стерео
күшейткішті қосыңыз.
4. Ойнатқыштың дыбысын шығару үшін, стерео
күшейткіштің кіріс сигналын таңдау түймесін
басып сыртқы кіріс сигналын таңдаңыз. Стерео
күшейткіш дыбысының кіріс сигналын орнату
үшін, стерео күшейткіштің пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
5. Бейне көзін (HDMI, Компоненттік немесе
Бейне) таңдау үшін, теледидардың қашықтан
басқару құралындағы кіріс сигналының
таңдағышын басыңыз.
✎
ЕСКЕРТПЕ
` 2-жағдайда сипатталған сандық дыбыс байланысы пайдаланылған жағдайда, дыбыс тек алдыңғы динамиктерден шығып,
«Цифровой выход» параметрі PCM күйіне орнатылады.
Ақ
Қызыл
2-жағдай: Оптикалық
кабелі (жинаққа кірмейді)
3-жағдай: дыбыс
сигналының кабелі
02025S-BD-D6500-RU-KAZ-TSEC-.indb 25
2012-01-12 오전 10:07:53