Желіге сым арқылы қосылу – Инструкция по эксплуатации Samsung PS50C6500TW

Страница 193

Advertising
background image

25

Казақ

04

Кеңейтілг

ен ф
унк

ция
лары

Желіге қосылу

Теледидарыңызды сым арқылы немесе сымсыз қосылым арқылы жергілікті желі көмегімен (LAN) интернетке қосылатын етіп

баптауыңызға болады.

¦

Желіге сым арқылы қосылу

Теледидарыңызды LAN жергілікті желісіне сым арқылы үш тәсілмен қосуға болады:

y

Теледидарды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы LAN ұяшығын сыртқы модемге Cat 5 сымын қолданып қоса аласыз.

Төмендегі сызбаға қараңыз.

y

Теледидарды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы LAN ұяшығын, сыртқы модемге жалғанған IP Sharer арқылы қосуыңызға

болады. Cat 5 сымын қолданып қосылымды жүзеге асырыңыз. Төмендегі сызбаға қараңыз.

y

Желі конфигурациясының қалай жүзеге асырылғанына қарай, теледидарыңызды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы

LAN ұяшығын, Cat 5 сымын қолданып қабырғадағы желі розеткасына тура қоса аласыз. Төмендегі сызбаға қараңыз. Қабырғадағы

розетканың үйдегі модем немесе роутерге қосылатынын есіңізде ұстаңыз.

Динамикалық желі қосылымын жүзеге асыру үшін ADSL модемін немесе Динамикалық Хост Конфигурациялаушы Протоколына

(DHCP) қолдау көрсететін роутерді қолданыңыз. DHCP функциясына қолдау көрсететін модем не роутер құралдары,

теледидарыңызды интернетке қосу үшін қажет IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін автоматты түрде

тағайындайтындықтан, оларды қолдан енгізудің қажеті жоқ. Үйдегі желілердің көпшілігі динамикалық желі болып табылады.
Кейбір желілерге тұрақты IP мекенжайы қажет. Егер желі тұрақты IP мекенжайын қажет етсе, қосылымды жүзеге асыратын кезде,

теледидардың желі қосылымын орнататын терезесіне IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін қолдан

көрсетуіңіз қажет. IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін алу үшін интернет провайдеріне хабарласыңыз.

Компьютеріңізде Windows жүйесі орнатылып тұрса, бұл мәндерді компьютеріңіз арқылы да ала аласыз.

Егер желі үшін тұрақты IP мекенжайы қажет болса, DHCP функциясына қолдау көрсететін ADSL модемдерін қолдана

аласыз. DHCP функциясына қолдау көрсететін ADSL модемдері, сонымен қатар тұрақты IP мекенжайын да қолдануға

мүмкіндік береді.

Қабырғадағы Модем ұяшығы

Tеледидардың артқы панелі

LAN сымы

Модем Сымы

Сыртқы Модем

(ADSL / VDSL / Cable TV)

IP ортақтастырғышы

(DHCP сервері бар)

Қабырғадағы Модем ұяшығы

Tеледидардың артқы панелі

LAN сымы

LAN сымы

Модем Сымы

Сыртқы Модем

(ADSL / VDSL / Cable TV)

Tеледидардың артқы панелі

LAN сымы

Қабырғадағы ұяшығы

[PC6500_RU]BN68-02807C-03L04.indb 25

2010-09-28 오후 1:41:56

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: