Желі қызметтері, Bd-live™ дискісін пайдалану, Dlna функциясын пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-F4500

Страница 65

Advertising
background image

|

28

Қазақша

Желі қызметтері

BD-LIVE™ дискісін пайдалану

1.

Өнімді желіге қосыңыз.
(14-бетті қараңыз)

2.

Желі параметрлерін теңшеңіз.
(20~21-ші беттерді қараңыз)

Өнім желіге қосылған соң, BD-LIVE қызметін
қолдайтын дискілерде түрлі фильмдерге байланысты
қызмет мазмұнын көруге болады.

1.

USB жад құрылғысын өнімнің алдыңғы жағындағы
USB ұясына жалғаңыз да, оның қалған жад
көлемін тексеріңіз. BD-LIVE қызметтері үшін жад
құрылғысының кем дегенде 1 Гбайт бос орны
болуы керек.

2.

Басты экранда Settings тармағын таңдап, E
түймесін басыңыз.

3.

System тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4.

BD Data Management тармағын таңдап, E
түймесін басыңыз.

5.

Change Device тармағын таңдап, E түймесін
басыңыз.

6.

USB Flash Disk тармағын таңдап, E түймесін
басыңыз.

7.

BD-LIVE қызметін қолдайтын Blu-ray дискісін
салыңыз.

8.

Диск өндірушісі қамтамасыз еткен әртүрлі BD-
LIVE қызмет мазмұндары тізімінен бір элементті
таңдаңыз.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Диск өндірушісіне байланысты, BD-LIVE қызметін
қолдану жолы мен қамтамасыз етілген мазмұндар
әртүрлі болуы мүмкін.

DLNA функциясын пайдалану

DLNA үй кинотеатры арқылы компьютердегі
файлдарды ашып, ойнатуға мүмкіндік береді.

Компьютерде DLNA бағдарламасын орнату және үй
кинотеатрымен бөлісу қажет қалталар мен файлдарды
белгілеу үшін DLNA пайдалану нұсқаулығындағы
нұсқауларды орындаңыз.

DLNA бағдарламасын орнатқаннан кейін
компьютердегі файлдарды ашып, ойнату үшін мына
қадамдарды орындаңыз:

1.

Компьютерді, теледидарды және үй кинотеатрын
қосыңыз.

2.

Компьютерде DLNA Shared сервері істеп
тұрғанын тексеріңіз.

3.

Үй кинотеатрында КӨК (D) түймесін басыңыз
(Құрылғыларды көру).

4.

Құрылғылар тізімінен компьютеріңізді таңдау үшін
◄► түймесін басыңыз.

5.

Көру немесе ойнату қажет файл түрін Бейнелер,
Фотосуреттер немесе Музыка тармағын) таңдап,
E түймесін басыңыз

6.

▲▼◄► түймесінің көмегімен таңдаған файлдар
бар қалтаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.
Файлдар тізімі көрсетіледі.

7.

Ойнату немесе қарау керек файлды таңдап, E
түймесін басыңыз.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

USB құрылғыларында және дискілерде файлдардан
ойнату тізімін жасаумен бірдей әдіс арқылы
компьютерде файлдардан ойнату тізімін жасауға
болады.

\

Біраз жағдайларды қоспағанда, компьютердегі
файлдардың ойнатылуын USB құрылғылары мен
дискілердегі файлдарды басқарғандай жолмен
басқаруға болады.

\

Компьютердегі файлдарға алдымен Басты
экранындағы Бейнелер, Фотосуреттер немесе
Музыка опциясын, содан кейін экранға шыққан
құрылғылар тізімінен компьютерді таңдау арқылы
қол жеткізуге болады.

HT-F4500_50_RU_KAZ_0530.indd 28

HT-F4500_50_RU_KAZ_0530.indd 28

2013-05-30 오후 2:47:40

2013-05-30 오후 2:47:40

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: