Инструкция по эксплуатации Samsung BD-E6500
Страница 175
07
Қосымша
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМІ
Басқа ақаулықтарға тап болғанда.
• Мазмұнға өтіп, пайдаланушы нұсқаулығының туындаған мәселені түсіндіретін
бөлімін тауып алып, процедураны қайта орындаңыз.
• Егер мәселе шешілмесе, ең жақын орналасқан Samsung өкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Бейне дірілдейді немесе шуы бар
• Диск бетінің кірленбегенін немесе сызылмағанын тексеріңіз.
• Дискіні тазалаңыз.
HDMI шығыс сигналы жоқ
• Ойнатқыштың HDMI ұяшығы мен теледидар арасындағы байланысты тексеріңіз.
• Теледидар HDMI 576p/480p, 720p, 1080i немесе 1080p ажыратымдылығын
қолдайтынын тексеріңіз.
HDMI шығысының экраны қалыптан тыс.
• Экранда кездейсоқ шулар пайда болса, теледидар HDCP (High-bandwidth
Digital Content Protection) протоколын қолдамайды.
AllShare функциясы
AllShare функциясы арқылы бөліскен қалталарды
көре аламын, бірақ файлдарды көре алмаймын.
• AllShare функциясы тек бейне, фотосурет және музыка файлдарын көрсетеді.
Басқа файл түрлері көрсетілмейді.
Бейне тоқтап-тоқтап ойнатылады.
• Желінің тұрақты екенін тексеріңіз.
• Желі кабелінің жақсы жалғанғанын және желінің шамадан тыс жүктелмегенін
тексеріңіз.
• DLNA қолдайтын құрылғы мен ойнатқыш арасындағы сымсыз байланыс тұрақты
емес.
Байланысты тексеріңіз.
Ойнатқыш пен компьютер арасындағы AllShare
байланысы тұрақсыз.
• Сол ішкі желідегі IP мекенжайы бірегей болуы тиіс.
Олай болмаса, осы жағдайды IP кедергісі туғызуы мүмкін.
• Брандмауэрдың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Қосылған болса, брандмауэр функциясын ажыратыңыз.
BD-LIVE
BD-LIVE серверіне қосылу мүмкін емес.
• Желі күйі функциясын пайдаланып желілік қосылым сәтті екенін тексеріңіз.
(23-бетті қараңыз)
• USB жад құрылғысының ойнатқышқа қосылып тұрғанын тексеріңіз.
• BD-LIVE қызметін орнату үшін, жад құрылғысында кемінде 1 ГБ бос орын
болуы керек service.
Бос орынды «BD деректерді басқару» ішінде тексеруге болады. (24-бетті
қараңыз)
• «BD-Live интернет қосылымы» параметрі Разрешено (всем) деп орнатылғанын
тексеріңіз.
• Жоғарыдағының ешқайсысы көмектеспесе, мазмұн провайдеріне хабарласыңыз
немесе ойнатқыштың микробағдарламасын жаңартыңыз.
Қазақша
57
|
02229G-BD-E6500-RU-KAZ-SEIN.indd 57
2012-05-02 오후 6:14:40