Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-E6500

Страница 142

Advertising
background image

Параметрлер

Желі

Soft AP

Wi-Fi құрылғыларының басқа түрлерін ойнатқышқа

сымсыз қосуға мүмкіндік береді. Басқа Wi-Fi

құрылғыларын желіге қосқан кезде оларға енгізілетін

қауіпсіздік кілтін жасауды талап етеді.

AllShare параметрлері

Желіге қосылған AllShare құрылғыларының тізімін

көрсетеді және әрбір құрылғы (смартфон, планшеттік

компьютер, т.б.) ойнатқышпен мазмұнды ортақтастыруға

немесе ойнатқышты басқаруға мүмкіндігі бар не жоқ

екенін басқаруға мүмкіндік береді.

Құрылғы атауы

Ойнатқышқа оны желілерді анықтайтын атын енгізуге

мүмкіндік береді.

BD-Live параметрлері

Әртүрлі BD-Live функцияларын орнатады. BD-Live функциясы

Интернетке қосулы болсаңыз, кейбір Blu-ray дискілерінде болатын

қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.



BD-Live интернет қосылымы : BD-Live Интернет

қосылымына толығымен рұқсат беруге, жартылай

рұқсат беруге немесе тыйым салуға мүмкіндік

береді.



BD деректерді басқару : BD-Live қызметінен

немесе Blu-ray дискінен жүктелген BD-деректерін

басқарады.

Жүйе

Бастапқы баптаулар Бастапқы параметрлерді орнату процедурасын

қайта іске қосуға мүмкіндік береді.

HDMI IN 1 арқылы өту

Күту режимінде болған кезде осы ойнатқыш арқылы

өткізу үшін HDMI IN 1 портына жалғанған құрылғыдан

сигнал алуға мүмкіндік береді. Қайнар көзді

теледидарда ойнатқышты қоспастан ойнатуға болады.

|ЕСКЕРТПЕ |

\

HDMI IN 1 арқылы өткізу қосылған болса, күту режимінің қуат

тұтынуы сәл көбейеді.

Жылдам бастау

Жүктелу уақытын азайту арқылы ойнатқышты жылдам

қосылуға орнатуға мүмкіндік береді.

|ЕСКЕРТПЕ |

\

Бұл функция Қосу күйіне орнатылса, Күту режиміндегі қуат

тұтыну мөлшері артады.

Anynet+ (HDMI-CEC)

Anynet+ дегеніміз Anynet+ мүмкіндігі бар басқа

Samsung ойнатқыштарымен байланысып

әрекет ету және сол өнімдерді бір Samsung

теледидарының қашықтан басқару құралымен

басқаруға мүмкіндік беретін қолайлы функция

болып табылады.

Бұл функцияны пайдалану үшін осы ойнатқышты

HDMI кабелімен Anynet+ Samsung теледидарына

жалғау қажет.

|

24

Қазақша

02229G-BD-E6500-RU-KAZ-SEIN.indd 24

2012-05-02 오후 6:14:30

Advertising