Желіге қосылу, Желілік байланыс - сымсыз, Сымсыз желіге қатысты сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации Samsung PS51F5500AK

Страница 92

Advertising
background image

Казақ - 14

Желіні теңшеу

Жаңартылған эл. нұсқаулықты пайдалану

Smart Hub функциясын ашып,Қолданбалар, содан кейін Қос-ша бағ-лар параметрін таңдаңыз. Эл.

нұсқаулықты жаңарту тәсілі, бағдарламаны жаңартатын тәсілмен бірдей.
Қос-ша бағ-лар бейнебетінен Бағ-ды жаңарту параметрін таңдаңыз. Тізімнен эл. нұсқаулықты таңдаңыз.

Эл. нұсқаулық соңғы нұсқаға дейін жаңара бастайды. Дегенмен, бейнебетте

Бағ-ды жаңарту бағдарламаны

жаңарту қажет болған кезде ғана көрсетіледі.

Желіге қосылу

Smart ТД-ды желілік қауымдастыққа қосқан кезде Smart Hub тәрізді желідегі қызметтерге қосылуға, сондай-ақ

бағдарлама жаңартылымдарын алуға мүмкіндік туады.

Желілік байланыс - Сымсыз

ТД-ды интернетке стандартты роутерді немесе модемді пайдаланып қосыңыз.

DHCP сервері бар сымсыз

IP роутері немесе модемі

LAN сымы (жинаққа кірмейді)

Қабырғадағы LAN ұяшығы

Сымсыз желіге қатысты сақтық шаралары

Бұл Smart ТД IEEE 802.11a/b/g /n тілқатысу протоколдарына қолдау көрсетеді. Samsung компаниясы

IEEE 802.11n протоколын қолдануды ұсынады. Себебі желіден видео ойнатқан кезде, видео бірқалыпты

көрсетілмеуі мүмкін.

Сымсыз желіні пайдалану үшін ТД сымсыз роутерге немесе модемге қосылып тұруға тиіс. Егер сымсыз

роутер DHCP функциясына қолдау көрсетсе, ТД желіге DHCP немесе тұрақты IP мекенжайын пайдаланып

сымсыз қосыла алады.

Сымсыз роутер үшін ағымдық қолданылмай тұрған арнаны таңдаңыз. Сымсыз роутер үшін таңдалған

арнаны басқа құрылғы қолданып тұрса, әдетте бөгеуіл пайда болады және/немесе қосылым іске аспауы

мүмкін.

Көпшілік сымсыз желілердің балама қауіпсіздік жүйесі бар. Сымсыз желінің қауіпсіздік жүйесін қосу үшін

таңбалар мен сандарды пайдаланып қауіпсіздік кілтін жасау керек. Содан кейін сымсыз желіге қосылу үшін

қауіпсіздік кілті қолданылады.

[PF5500-RU]BN68-04885K-08L04.indb 14

2014-01-15 1:17:40

Advertising