Лицензиялар, Пайдаланушыға арналған нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации Samsung PS51F5500AK

Страница 103

Advertising
background image

Казақ - 25

Каз

ақ

Нұсқаулар

Лицензиялар

Пайдаланушыға арналған нұсқаулар

Бейнебетте “бейненің қалып” қоюы

Плазмалы бейнебетте қимылсыз бейнені (мысалы, видео ойындағы тәрізді), соның ішінде кішкене тұрақты

көрсетіліп тұратын логотипті бірнеше минуттан артық көрсетуге болмайды, себебі бейнебетте бейне

қалып қоюы мүмкін. Бейненің бұлайша қалып қоюы “бейнебеттің жанып кетуі” деген атпен де мәлім.

Бейне осылайша қалып қоймас үшін, бейнебеттің жарықтылығы мен контраст деңгейін қимылсыз суретті

көрсеткен кезде азайтыңыз.

Плазмалы теледидардың үстіңгі жағының қызуы

Ұзақ уақыт іске қосылып тұрған өнімнің үстіңгі жағы қызып кетуі мүмкін, себебі панель арқылы өнімнің

үстіңгі жағындағы саңылаулардан қызу шығады. Бұл қалыпты жағдай және өнімнің ақауы немесе өнім

жұмысында ақау бар екенін көрсетпейді.

Дегенмен, өнімнің үстіңгі жағына балалардың қол тигізуіне жол бермеңіз.

ТД-дан тырс-тырс еткен дыбыс шығады.

“Сыртылдаған” дыбыстың шығуына, қоршаған ортаның температурасы немесе ылғалдылығы тәрізді

параметрлерінің өзгеруіне байланысты, өнімнің тартылуы немесе ісінуі себеп болады. Бұл қалыпты

жағдай және өнімнің ақауы бар дегенді білдірмейді.

Ұяшық ақауы

ПБП панелін жасау үшін күрделі технология бойынша жасалатын 2,360,000(HD-деңгейі) бастап,

6,221,000(FHD-деңгейі) дейінгі пикселдерден тұратын панель қолданылады. Дегенмен, бейнебетте

шамалы жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер

етпейді.

Теледидарды температурасы 41°F (5°C) төмен жерлерде қолданудан сақ болыңыз

Қимылсыз бейнені ұзақ уақыт қарау, ПБП панелін біржола ақауға ұшыратуы мүмкін.

Плазма теледидарын 4:3 пішімінде ұзақ уақыт қарау, бейнебеттегі жарық сәулелерінің әр

түрлілігіне байланысты орын алатын, бейнебеттің сол, оң жағы мен ортасында жиек іздерінің

қалып қоюына әкеліп соғуы мүмкін. DVD не видео-ойын құрылғысын ойнату да, бейнебетке

осылайша әсер етуі мүмкін.

Жоғарыда айтылған себептер негізінде орын алған ақаулықтар кепілдікке кірмейді.

Бейнебетте қалып қойған суреттер.
Видео ойындар немесе ДК арқылы бейнебетте қимылсыз суретті нақты бір мерзімнен ұзақ көрсету,

кескіннің бейнебетте жартылай қалып қоюына әкелуі мүмкін.

Бұндай әсер орын алмас үшін қимылсыз бейнені ұзақ көрсетер кезде ‘жарықтылық’ пен ‘контраст’

деңгейлерін азайтыңыз.

Кепілдік

Кепілдік бейненің қалып қоюына байланысты орын алған ақаулықты қамтымайды.

Бұл кепілдікке кірмейтін жағдай.

Абайлаңыз:

Теледидарды кенет құлатып алсаңыз, ПБП ТД шыны бейнебеті сынып қалады. Теледидарды

күтіп ұстаңыз.

Теледидарды жылжытқан кезде сақтық шарасын орындау үшін үнемі екі немесе бірнеше

адам көтеріп жылжыту керек. Теледидарды екпетінен немесе шалқасынан жатқызып

қоймаңыз.

Samsung плазмалы ТД тасымалдау барысында шыны панелі мен құралас бөліктеріне зиян келмес үшін

мұқият оралған жоғары сапалы теледидар. Дегенмен, осал электроникалық бөлшектерді күтіп ұстау

керек. Теледидарды тасымалдау немесе орамынан шығару барысында ешбір бөлігіне салмақ салмаңыз.

Теледидарды абайлап орнатыңыз. Теледидарды қыстырылып қалуы мүмкін, өткір заттарға тиетін немесе

құлап қалатын жерге қоймаңыз. Құлап қалу немесе соққы тию салдарынан сынған теледидардың панелі

өндірушінің кепілдігіне кірмейді.

[PF5500-RU]BN68-04885K-08L04.indb 25

2014-01-15 1:17:43

Advertising