Network setup (manual) – Инструкция по эксплуатации Samsung PS50C550G1W

Страница 179

Advertising
background image

29

Казақ

04

Кеңейтілг

ен ф
унк

ция
лары

Network Setup (Manual)

Басқа тәсілдер жұмыс істемесе, желі параметрлері мәндерін

қолдан көрсетуіңіз қажет.

Желі қосылымы үшін қажетті мәндерді алу
Windows жүйесі бар компьютерлер үшін желі қосылымы

параметрлерін алу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бейнебеттің оң жақ астында орналасқан Желі белгішесін

басыңыз.

2. Қалқымалы мәзірден Қалып-күй қойындысын басыңыз.
3. Ашылған тілқатысу терезесіндегі Қолдау көрсету

қойындысын басыңыз.

4. Қолдау көрсету қойындысынан, Толық ақпарат түймешігін

басыңыз. Желі параметрлері көрсетіледі.

Қосылым параметрін қолдан орнату
Желі қосылым параметрі мәндерін қолдан орнату үшін мына

қадамдарды орындаңыз:
1. “PBC (WPS) арқылы орнату” тармағында көрсетілген 1 -

6-шы қадамдарды орындаңыз (б. 27).

2. ▼ түймешігін басып, Internet Protocol Setup мәзірін

таңдаңыз да, содан кейін

ENTER

E түймешігін басыңыз.

▲ немесе ▼ түймешігі арқылы

Manual параметрін

таңдап, содан кейін

ENTER

E түймешігін басыңыз.

3. Бірінші жолаққа (IP мекенжайы) өту үшін ▼ түймешігін

басыңыз.

4. Сандарды көрсету үшін сандары бар түймешіктерді

қолданыңыз.

5. Жолақтың біріне қажетті мәнді енгізгеннен кейін, келесі

жолаққа өту үшін ► түймешігін басыңыз. Жоғары, төмен

және кері жылжу үшін басқа көрсеткі түймешіктерді

қолдануыңызға болады.

6. IP Address, Subnet Mask, және Gateway мәндерін

енгізіңіз.

7. ▲ немесе ▼ түймешігін, DNS параметріне бару үшін

қолданыңыз.

8. Бірінші DNS жолағына өту үшін ▼ түймешігін басыңыз.

Сандарды жоғарыда көрсетілгендей енгізіңіз.

9. Әрекет аяқталған кезде ▲ түймешігін басып,

Select a Network параметріне барыңыз. Желіні таңдаңыз

да, содан кейін

ENTER

E түймешігін басыңыз.

10. "Автоматты қосылым параметрін орнату” (б. 27)

тармағындағы 4-ші қадамға барып, осы қадамнан

басталған әрекеттерді орындаңыз.

Егер теледидарды интернетке қосу мүмкін болмаса
Теледидарыңызды егер интернет провайдері ДК немесе

модемнің MAC мекенжайын (әмбебап анықтағыш нөмір)

тұрақты түрде тіркеуге алса, содан кейін интернетке

қосылғыңыз келген сайын, интернетке рұқсатсыз

кіруден сақтандыру үшін, осы нөмірдің түпнұсқалығын

растауды талап еткен жағдайда қосыла алмауыңыз

мүмкін. Теледидарыңыздың MAC мекенжайы басқа

болғандықтан, интернет провайдері өз MAC мекенжайының

түпнұсқалығын растай алмайды да, теледидарыңыз

интернетке қосыла алмайды.
Бұл мәселені шешу үшін өз интернет провайдеріңізден

ДК-ден басқа (мысалы, теледидарды) құралды интернетке

қалай қосу қажет екенін сұраңыз.
Егер интернет провайдері интернетке қосылу үшін ID

немесе құпиясөзді қажет етсе, теледидарыңыз интернетке

қосыла алмауы мүмкін. Бұндай жағдайда, интернетке

қосылу үшін ID немесе құпиясөзді көрсетуіңіз қажет.

Брандмауэрге қатысты мәселе туындағанда интернет

қосылымы жүзеге аспауы мүмкін. Бұндай жағдай орын

алса, интернет провайдеріне хабарласыңыз.
Интернет провайдері берген нұсқауларды орындасаңыз

да, интернетке қосыла алмасаңыз Samsung Electronics

компаниясына 1-800-SAMSUNG бойынша хабарласыңыз.

[PC550_CIS]BN68-02578C-L04.indb 29

2010-04-13 오후 7:33:04

Advertising