25 қосу / сөндіру таймерін орнату, Қосу / сөндіру таймерін орнату – Инструкция по эксплуатации Samsung PE43H4000AK

Страница 163

Advertising
background image

Қазақша

Қазақша - 25

Қосу / Сөндіру таймерін орнату

O

MENUm → ЖүйеУақытҚосатын таймер <немесе> Өшіретін таймерENTERE

Қосатын таймер: Үш жеке теңшелімді Қосатын таймер орнатуға болады. (1-қосатын таймер, 2-қосатын

таймер, 3-қосатын таймер)
Орнату: Қалауыңыз бойынша орнату үшін Сөндіру, Бір рет, Күнделікті, Дс-Жм, Дс-Сн, Сб-Жс немесе

Қолмен параметрін таңдаңыз. Егер Қолмен режимін таңдасаңыз, таймерді іске қосқыңыз келген күнді

таңдай аласыз.

c белгісі күннің таңдалғанын білдіреді.

Уақыт: Сағат пен минутты орнатыңыз.
Дыб дең: Қажетті үнділік деңгейін орнатыңыз.
Сигнал көзі: ТД қосылған кезде ойнатылатын мазмұнның сигнал көзін таңдауға арналған. Келесі әрекетті

орындауға болады:

ТД режимін таңдап, ТД-ды арнайы антенна немесе кабельдік арнаны көрсететін етіп баптауға болады.

USB құралын таңдап, ТД-ды USB құралында сақталған фотосуреттерді немесе аудио файлдарды

ойнататын етіп баптауға арналған.

Жерсерік ресиверіне қосылған ТД-дан сигнал көзін таңдап, ТД-дан жерсерік ресивері арнасын

көрсетіңіз.

USB режимін таңдар алдында USB құралы ТД-ға қосылып тұруға тиіс.

Егер

ТД немесе USB құралынан басқа сигнал көзі таңдалса, онда:

Сол сигнал көзіне кабельді немесе жерсерік ресиверін қосыңыз

Жерсерік ресиверін ТД қосылған кезде көргіңіз келген арнаға баптаңыз.

Жерсерік ресиверін қосулы қалдырыңыз.

ТД немесе USB сигнал көзінен басқа сигнал көзі таңдалса, Ауа және Арна параметрлері көрінбей

қалады.

Aнтенна (Сигнал көзі параметрі ТД режиміне қойылғанда): АТД не DTV режимін таңдаңыз.

Арна (Сигнал көзі параметрі ТД режиміне қойылғанда): Қажетті арнаны таңдаңыз.

Музыка / Фото (Сигнал көзі параметрі USB режиміне қойылғанда): USB құралының ішіндегі саз немесе

фотосуреті бар қалтаны, теледидар автоматты түрде қосылған кезде ойнату үшін таңдаңыз.

USB құралында ешбір саз файлы болмаса немесе саз файлдары салынған қалта таңдалмаса, таймер

функциясы дұрыс жұмыс істемейді.

USB құралында тек бір ғана фотосурет файлы болса, слайд көрмесі көрсетілмейді.

Ұзын атаумен аталған қалтаны таңдау мүмкін емес.

Сіз қолданатын әр USB құралының өзіне арналған қалтасы болады. Бірнеше біркелкі USB құралдарын

қолданған кезде, USB құралының әрқайсысына тағайындалған қалтаның өзіндік атауы болуын

қамтамасыз етіңіз.

Қосатын таймер функциясын қолданғанда, USB жады құралын және мульти карта ридерін қолдануды

ұсынамыз.

Қосатын таймер функциясы кіріктірілген батареясы бар USB құралдарын, MP3 ойнатқыштарды

немесе басқа өндіруші жасаған PMP құралдарын қолданғанда жұмыс істемеуі мүмкін, себебі бұндай

құралдарды тануға ұзақ уақыт жұмсалады.

Өшіретін таймер: Үш жеке теңшелімді Өшіретін таймер орнатуға болады. (1-өшіретін таймер,

2-өшіретін таймер, 3-өшіретін таймер)
Орнату: Қалауыңыз бойынша орнату үшін Сөндіру, Бір рет, Күнделікті, Дс-Жм, Дс-Сн, Сб-Жс немесе

Қолмен параметрін таңдаңыз. Егер Қолмен режимін таңдасаңыз, таймерді іске қосқыңыз келген күнді

таңдай аласыз.

c белгісі күннің таңдалғанын білдіреді.

Уақыт: Сағат пен минутты орнатыңыз.

[PH4000-RU]BN68-05792L-00L04.indb 25

2014-02-03 7:22:29

Advertising