Anynet+ ақаулықтарын жою – Инструкция по эксплуатации Samsung UE55C9000ZW
Страница 179
51
Қазақша
04
Кеңейтілг
ен ф
унк
ция
лары
¦
Anynet+ ақаулықтарын жою
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Anynet+ жұмыс істемейді.
• Құрылғының Anynet+ құрылғысы екенін тексеріңіз. Anynet+ жүйесі Anynet+ құрылғыларын ғана қолдайды.
• Тек бір ресивер (үй театры) ғана жалғанады.
• Anynet+ құрылғысының сымы электр желісіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
• Anynet+ құрылғысының Видео/Аудио/HDMI сымының қосылымын тексеріңіз.
• Anynet+ параметрлер мәзірінде
Anynet+ (HDMI-CEC) On қалпына қойылғанын тексеріңіз.
• Қашықтан басқару пульті теледидар режиміне қойылғанын тексеріңіз.
• Қашықтан басқару пультінің Anynet+ функциясына қолдау көрсететінін тексеріңіз.
• Кей жағдайларда Anynet+ жұмыс істемейді. (Арналарды іздеу,
Media Play не Plug & Play (параметрлерді
бастапқы орнату) т.с.с.)
• HDMI сымын қосқан және ажыратқан кезде құрылғыларды қайта іздеңіз немесе теледидарды ажыратып,
қайта қосыңыз.
• Anynet+ құрылғысындағы Anynet+ функциясының on қалпында тұрғанын тексеріңіз.
Anynet+ функциясын іске қосқым
келеді.
• Anynet+ құрылғысының теледидарға дұрыс жалғанғанын, Anynet+ параметрлер мәзірінде
Anynet+ (HDMI-CEC) On қалпында тұрғанын тексеріңіз.
• Anynet+ мәзірін бейнелеу және қажетті мәзірді таңдау үшін
TOOLS
түймешігін басыңыз.
Anynet+ функциясынан шыққым
келеді.
• Anynet+ мәзірінен
View TV параметрін таңдаңыз.
• Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі
SOURCE
түймешігін басыңыз да, Anynet+ емес құрылғыны
таңдаңыз.
• Теледидар режимін өзгерту үшін
P
>/<, және
PRE-CH
басыңыз. (Арна түймешігінің тек кіріктірмелі
тюнері бар Anynet+ құрылғысы қосылмаған жағдайда ғана жұмыс істейтінін есте ұстаңыз.)
Бейнебетте “Connecting to Anynet+
device...” деген жазу пайда болады.
• Anynet+ функциясын баптаған кезде немесе қарау режиміне ауысқан кезде қашықтан басқару пультін
қолдана алмайсыз.
• Қашықтан басқару пультін Anynet+ параметрін орнатып не қарау режиміне өткеннен кейін ғана
пайдаланыңыз.
Anynet+ құрылғысы жұмыс
істемейді.
• Ойнату функциясын
Plug & Play (параметрлерді бастапқы орнату) орындалып тұрғанда пайдалана
алмайсыз.
Жалғанған құрылғылар бейнебетте
көрінбейді.
• Құрылғының Anynet+ функцияларын қолдайтын-қолдамайтынын тексеріңіз.
• HDMI сымының дұрыс қосылған-қосылмағанын тексеріңіз.
• Anynet+ параметрлер мәзірінде
Anynet+ (HDMI-CEC) On қалпына қойылғанын тексеріңіз.
• Anynet+ құрылғыларын қайта іздеңіз.
• Anynet+ құрылғысын тек HDMI сымын қолданып ғана жалғай аласыз. Кейбір HDMI сымдары Anynet+
функциясын қолдамауы мүмкін.
• Электр қуаты өшу немесе HDMI сымы ағытылып қалу салдарынан қосылым кідіріп қалса, құралды қайта
іздеңіз.
Теледидар бағдарламасы
жазылмайды.
• Жазу құрылғысының антенна ұяшығының дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
Ресиверден теледидар дыбыс
сигналдары шықпай тұр.
• Теледидар мен ресиверді оптикалық сым арқылы жалғаңыз.
• ARC функциясы
HDMI IN 2(ARC)
ұяшығының көмегімен сандық дыбыс шығаруға көмектеседі және
теледидар ARC функциясына қолдау көрсететін аудио ресиверге жалғанған кезде ғана жұмыс істейді.
[UC9000]BN68-03161J-UA.indb 51
2010-07-16 오전 10:18:08