Кеңейтілген функциялары – Инструкция по эксплуатации Samsung UE55C9000ZW

Страница 160

Advertising
background image

32

Қазақша

Кеңейтілген функциялары

Желіге қосылу

Теледидарыңызды сым арқылы немесе сымсыз қосылым арқылы жергілікті желі көмегімен (LAN) интернетке қосылатын етіп

баптауыңызға болады.

¦

Желіге сым арқылы қосылу

Теледидарыңызды LAN жергілікті желісіне сым арқылы үш тәсілмен қосуға болады:

y

Теледидарды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы LAN ұяшығын сыртқы модемге Cat 5 сымын қолданып қоса

аласыз. Төмендегі сызбаға қараңыз.

y

Теледидарды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы LAN ұяшығын, сыртқы модемге жалғанған IP Sharer арқылы

қосуыңызға болады. Cat 5 сымын қолданып қосылымды жүзеге асырыңыз. Төмендегі сызбаға қараңыз.

y

Желі конфигурациясының қалай жүзеге асырылғанына қарай, теледидарыңызды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы

LAN ұяшығын, Cat 5 сымын қолданып қабырғадағы желі розеткасына тура қоса аласыз. Төмендегі сызбаға қараңыз.

Қабырғадағы розетканың үйдегі модем немесе роутерге қосылатынын есіңізде ұстаңыз.

Динамикалық желі қосылымын жүзеге асыру үшін ADSL модемін немесе Динамикалық Хост Конфигурациялаушы

Протоколына (DHCP) қолдау көрсететін роутерді қолданыңыз. DHCP функциясына қолдау көрсететін модем не роутер

құралдары, теледидарыңызды интернетке қосу үшін қажет IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін

автоматты түрде тағайындайтындықтан, оларды қолдан енгізудің қажеті жоқ. Үйдегі желілердің көпшілігі динамикалық желі

болып табылады.
Кейбір желілерге тұрақты IP мекенжайы қажет. Егер желі тұрақты IP мекенжайын қажет етсе, қосылымды жүзеге асыратын

кезде, теледидардың желі қосылымын орнататын терезесіне IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін

қолдан көрсетуіңіз қажет. IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін алу үшін интернет провайдеріне

хабарласыңыз. Компьютеріңізде Windows жүйесі орнатылып тұрса, бұл мәндерді компьютеріңіз арқылы да ала аласыз.

Егер желі үшін тұрақты IP мекенжайы қажет болса, DHCP функциясына қолдау көрсететін ADSL модемдерін

қолдана аласыз. DHCP функциясына қолдау көрсететін ADSL модемдері, сонымен қатар тұрақты IP мекенжайын

да қолдануға мүмкіндік береді.

Қабырғадағы Модем ұяшығы

Тұрғы Артқы панель

LAN Cable

LAN Adapter

Modem Cable

Сыртқы Модем

(ADSL / VDSL / Кабельдік телевизия)

Қабырғадағы Модем ұяшығы

Тұрғы Артқы панель

LAN сымы

LAN сымы

Модем Сымы

Сыртқы Модем

(ADSL / VDSL / Кабельдік телевизия)

IP ортақтастырғышы

(DHCP сервері бар)

LAN адаптері

Қабырғадағы LAN ұяшығы

Тұрғы Артқы панель

LAN сымы

LAN адаптері

[UC9000]BN68-03161J-UA.indb 32

2010-07-16 오전 10:17:50

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: