Дауыспен басқару, Қимылмен басқару – Инструкция по эксплуатации Samsung UE55ES7500S

Страница 84

Advertising
background image

Каз

ақ

Дауыспен басқару

МәзірЖүйеДауыспен және қимылмен басқару

Дауыспен басқару

Дауысты тану функциясын қосуға немесе сөндіруге арналған.

Сөйлеу функциясын пайдаланып, мәзір параметрлері мен

функцияларына баруға және оларды басқаруға мүмкіндік береді.

Дауыспен басқару функциясын қолдану үшін сөздер мен

сөз тіркестерін

Тіл параметрінде таңдалған тілде анық

және дұрыс айту керек.

Қоршаған ортаның шуылы

Дауыспен басқару

функциясының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

Сіздің ТД-ңыз сіз берген нұсқауларды екі тәсілмен "ести" алады:

ТД микрофонын қолдану. (Қашықтықты анықтау)

Қашықтан басқару пультінің

VOICE˜

түймешігін қолдану.

(Жақын қашықтықты анықтау)

ТД микрофонын пайдаланған кезде сөздер қоршаған

ортаның шуылына байланысты анық естілмеуі мүмкін.

Бұндай жағдай орын алса қашықтан басқару пультінің

VOICE˜

түймешігін қолданып көріңіз. ТД дауысты нұсқауды

барынша оңай тани алады.

Қашықтан басқару пультінің

VOICE˜

түймешігі үнемі белсенді

күйде тұрады. Егер ТД микрофонын қолданғыңыз келсе

Дауыспен басқару (ЖүйеДауыспен және қимылмен

басқаруДауыспен басқару) функциясын қосыңыз.

Егер мәзір параметріне немесе функциясына

Дауыспен

басқару функциясы қолдау көрсетпесе, Қимылмен

басқару функциясын қолдануды ұсынамыз. Қимылмен

басқару, функциясын пайдалану үшін қолыңызды экранға

қарай жая созған қалпы сәл ғана ұстап тұрыңыз да, содан

кейін солға және оңға қарай 3 - 4 рет бұлғаңыз.

Қимылмен

басқару басталады. Егер Қимылмен басқару функциясы

басталса, бейнебеттің ортасында меңзер пайда болады

да, бейнебеттің астыңғы жағынан

Қимыл нұсқаулығы

жолағының өлшемі көрсетіледі.

Дауыспен басқару

Дауыспен басқару функциясын қосады немесе сөндіреді.

Қашықтан басқару пультінің

VOICE˜

түймешігі үнемі

белсенді күйде тұрады.

Тіл

Пайдаланғыңыз келген тану тілін таңдауға арналған.

Іске қосу сөздері

Дауыспен басқару функциясын іске қосу үшін Іске қосу

сөздері -н таңдауға болады. Сондай-ақ, ТД-ды Іске қосу

сөздері -н пайдаланып, егер Дауыспен басқару функциясы

Қосу қалпына қойылып тұрса іске қоса аласыз.

Егер

Іске қосу сөздері Hi TV режимінде тұрса, Hi TV Power

On (Hi TV іске қос) деп айтыңыз.

Егер

Іске қосу сөздері Smart TV режимінде тұрса, Smart TV

Power On (Smart TV-ды іске қос) деп айтыңыз..

Дауыстық пәрмен жолағының өлшемі

Дауыстық пәрмен жолағының өлшемі режимін Минимум

немесе

Толық қалпына қойыңыз.

Минимум параметрі қолдануға болатын сөздер мен сөз

тіркестерінің ең аз санын көрсетеді.

Толық параметрі барлық сөздер мен сөз тіркестерін көрсетеді.

Дыбыс сезімтал-ғы

Дауысты тану функциясының сезімталдық деңгейін орнатыңыз.

Жаңғ.деңг.: Жаңғырық деңгейін орнатыңыз.

Тану жауаптылығы: Дауысты тану функциясының

жауап беру деңгейін орнатыңыз.

Дауыспен басқару ортасын тексеру

ТД микрофонының шуылының деңгейін тексеруге болады.

Шу деңгейін тексеру: ТД микрофонының шуылының

деңгейін тексеруге арналған. Қашықтан басқару

пультімен

Бұдан әрі параметрін таңдаңыз. Сынақ

басталады да, бірнеше секундқа жалғасады. Сынақ

кезінде мүмкіндігінше тыныштық сақтаңыз.

Микрофон мен динамикті тексеру: Бұл сынақ ТД

микрофонының және үндеткішінің шуылының деңгейін

тексереді. Қашықтан басқару пультімен

Бастау

параметрін таңдаңыз. Сынақ басталады да, бірнеше

секундқа жалғасады. Сынақ кезінде мүмкіндігінше

тыныштық сақтаңыз.

Динамик таңдау параметрі Тлд динамигі

режиміне қойылғанда ғана жұмыс істейді.

Дауыспен басқаруды тексеру: Бұл сынақ Дауыспен

басқару функциясын қолданған кезде дауысыңыздың

деңгейі мен анықтығын тексереді. Қашықтан басқару

пультімен

Бастау параметрін таңдаңыз. Сынақ

басталады. Осы сынақты аяқтау үшін нұсқау хабарын

барынша қатты және анық айтыңыз.

Егер сынақ аяқталмаса

Қайта тексеру параметрін

таңдаңыз да, содан кейін нұсқауды қайтадан

қатты және анық айтыңыз.

Дауыспен басқару функциясын қолдану үшін мына
қадамдарды орындаңыз:

Егер

Дауыспен басқару функциясы Қосу қалпына

қойылса, ТД қоршаған ортаның әсерінен автоматты түрде

іске қосылуы мүмкін.

1. ТД-ға кіріктірілген микрофонды қолданып таңдаған Іске

қосу сөздері айту керек немесе қашықтан басқару пультінің

VOICE˜

түймешігін басып ұстап тұрыңыз. ТД-да

Дауыспен

басқару ортасын тексеру көрсетіледі.

Егер

Дауыспен басқару функциясын қолдансаңыз,

үнділік автоматты түрде 5-ші деңгейге қойылады.

2. тізімінен қалаған сөзді немесе сөз тіркесін айтыңызДауыспен

басқару ортасын тексеру. Егер қашықтан басқару пультінің

VOICE˜

түймешігін пайдалансаңыз, түймешікті босатыңыз.

Сөзді немесе сөз тіркесін

Тіл параметрінен таңдалған

тілде барынша анық және дұрыс айтыңыз.

3. Тану үрдісі аяқталғанша күте тұрыңыз да, содан кейін келесі

нұсқауды айтыңыз.

Дауыспен басқару режимінен шығу үшін ТД

микрофонын қолданып

Іске қосу сөздері немесе

"Болдырмау" сөзін айтыңыз немесе қашықтан басқару

пультінің

VOICE˜

түймешігін қайта басыңыз.

Дыбысты мәтінді енгізу режимін пайдалану

1. режимі қосылып тұрған кезде "Барлығын іздеу" деп айтыңыз.

Дауыспен басқару.

QWERTY пернетақта бейнебетін қолданған кезде

Дыбысты мәтінді енгізу режимін қолдана аласыз. ТД-ға

кіріктірілген микрофонды қолданып таңдаған

Іске қосу

сөздері айту керек немесе қашықтан басқару пультінің

VOICE˜

түймешігін басып ұстап тұрыңыз.

2. Іздегіңіз келген сөзді немесе сөз тіркесін айтыңыз.

3. ТД айтылған функцияны орындайды.

Дауыспен басқару функциясының жұмыс жасау

деңгейі сөйлеп тұрған тілге байланысты әр түрлі

болуы мүмкін.

Қимылмен басқару

МәзірЖүйеДауыспен және қимылмен басқару

Қимылмен басқару

Қимылмен басқару функциясын қосуға немесе сөндіруге болады.

ТД меңзерін арнайы ишараттарды қолданып қозғай отырып, ТД-

ды басқаруға мүмкіндік береді.

Кейбір бағдарламалар

Қимылмен басқару функциясына

қолдау көрсетпеуі мүмкін.

Қимылмен басқару

Қимылмен басқару функциясын қосады немесе сөндіреді.

Қимыл нұсқаулығы жолағының өлшемі

Қимыл нұсқаулығы жолағының өлшемі режимін Минимум

немесе

Толық параметрінің біреуіне қояды.

Қимылмен басқару ортасын тексеру

Бөлменің жарықтылығын, камераның бұрышын тексеруге

болады.

Жарықтықты тексеру: Бұл сынақ бөлме жарығының

Қимылмен басқару функциясының дұрыс жұмыс

жасауына жеткілікті немесе жеткіліксіз екен анықтауға

арналған. Қашықтан басқару пультімен

Бастау

параметрін таңдаңыз. Сынақ басталады да, бірнеше

секунд ғана жалғасуға тиіс.

Казақ - 15

[UE7000-RU]BN68-04060H-05L04.indb 15

2012-09-04 �� 2:11:05

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: