Тд-ды дұрыс желдету – Инструкция по эксплуатации Samsung UE55ES7500S

Страница 72

Advertising
background image

Каз

ақ

ТД-ды дұрыс желдету

ТД-дың жақсы желдетілуін қамтамасыз ету үшін оны орнатқан кезде ТД мен басқа заттардың (қабырғалар, жиһаздың қабырғалары

т.с.с.) кем дегенде 4 дюйм орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Дұрыс желдетпеген кезде, құрылғының ішкі температурасы артып, өрт шығуы

немесе оған зақым келуі мүмкін.

ТД-ды тұрғыға қою немесе қабырғалық аспа жинаққа орнату үшін Samsung Electronics бөлшектерін ғана қолдануды ұсынамыз.

• Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым келуі немесе ол құлап, адам жарақат алуы мүмкін.

Тұрғыға орнату.

Қабырғалық аспа жинаққа орнату.

10 см

10 см

10 см

10 см

10 см

10 см

10 см

[

Басқа ескертулер

ТД-дың нақты сыртқы көрінісі, үлгі түріне байланысты осы нұсқаулықтағы суреттерден өзгеше болуы мүмкін.

ТД-ды ұстаған кезде абай болыңыз. Кей бөліктері ыстық болуы мүмкін.

Өнімді тиісті түрде тастау (Электр және электрондық жабдықтардың қалдықтары)

(Бөлек жинау жүйелері бар елдерде қол жетімді)

Өнімдегі, қосымша жабдықтардағы немесе әдебиеттегі осы белгі өнімді және оның электрондық қосымша жабдықтарының

(яғни зарядтағыш, гарнитура, USB кабелі) қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін үйдің қалдықтарымен бірге тасталмауы

керектігін білдіреді. Қалдықтардың бақылаусыз тасталуынан туындайтын қоршаған орта зақымы мен адам жарақатынан

қорғау мақсатында осы бұйымдарды өзге қалдықтардан бөлек ұстап, материалдық ресурстардың қайта пайдаланылуын

қамтамасыз ету үшін, оларды қайта өңдеуге жіберіңіз. Жеке тұлғалар өнімді қоршаған ортаға зақым келтірмей жою туралы

толық ақпарат алу үшін және кімге, қайда хабарласуы қажеттігін білу үшін, өнім сатушысына немесе жергілікті билік

органына хабарласуы тиіс. Заңды тұлғалар сатушысына хабарласып, сатып алу келісім-шартының талаптарын тексергені

жөн. Осы өнім мен оның электрондық қосымша жабдықтары тасталатын өзге коммерциялық қалдықтармен араласпауы

қажет.

Осы өнімдегі батареяларды дұрыс тастау

(Бөлек жинау жүйелері бар елдерде қол жетімді)

Батареяда, нұсқаулықта немесе қаптамада көрсетілген бұл белгі осы өнімдегі батареялар қызметі аяқталғаннан кейін

өзге үй қалдықтарымен бірге тасталмауы тиіс екенін көрсетеді. Белгі тұрса, Hg, Cd немесе Pb химиялық таңбалары

батареядағы сынап, кадмий немесе қорғасын мөлшері 2006/66 ЕО директивасында көрсетілген деңгейлерден жоғары

екенін білдіреді. Батареяларды тиісті түрде тастамаса, бұл заттар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға зардап

тигізуі мүмкін. Табиғи ресурстарды қорғау және материалдардың қайта пайдалануын ынталандыру үшін, батареяларды

өзге қалдықтардан тыс ұстап, жергілікті батареяларды қайтару жүйесі арқылы қайта өңдеңіз.

• Келесі жағдайларда әкімшілік төлемақы төлеу қажет болуы мүмкін:

(a) техникті үйге шақырсаңыз, бірақ құрылғыдан ешбір ақау табылмаса,

(яғни, осы пайдаланушы нұсқаулығының тиісті тұстарын оқымасаңыз)

(ә) құрылғыны жөндеу орталығына әкелсеңіз, бірақ құрылғыда

ешбір ақау болмаса (яғни, осы пайдаланушы нұсқаулығының тиісті тұстарын оқымасаңыз).

• Бұндай әкімшілік төлемақының мөлшері, қандай да бір жұмысты орындау немесе үйіңізге барар алдында алдын ала хабарланады.

Казақ - 3

[UE7000-RU]BN68-04060H-05L04.indb 3

2012-09-04 �� 2:10:47

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: