Инструкция по эксплуатации Samsung LE52B750U1W
Страница 204
Қазақ - 36
Қашықтан басқару түймешіктерін Product Guide мәзірінде пайдалану
Түймешік
амалдар
Сары түймешік
Product Guide мазмұнын рет-ретімен көрсетеді. (Auto Play)
◄/►
Көрсеткі арқылы қажетті элементті таңдау.
ENTERE
Ағымдық таңдалған элементті бөлектеу.
RETURN
Алдыңғы мәзірге оралу.
EXIT
Ағымдық функцияны тоқтату және
Product Guide негізгі мәзіріне оралу.
Self Diagnosis
Picture Test
Суретке қатысты ақаулық орын алды деп шешсеңіз, суретке қатысты мына сынақты
өткізіңіз. Ақаулықтың әлі бар-жоғын тексеру үшін бейнебеттің түс үлгісін тексеріп көріңіз.
yes: Егер сынақ үлгісі пайда болмаса не сынақ үлгісінде бөгеуіл пайда болса, yes
түймешігін басыңыз. Ақаулық теледидарға қатысты болуы мүмкін. Samsung қызмет
көрсету орталығына көмек алу үшін хабарласыңыз.
No: Сынақ үлгісі дұрыс көрсетілсе, No таңдаңыз. Ақаулықтың себебі сыртқы
құрылғыда болуы мүмкін. Қосылымдарды тексеріп көріңіз. Ақаулық орын алғанын тоқтатпаса, сыртқы құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Sound Test
Дыбысқа қатысты ақаулық орын алды деп шешсеңіз, дыбысты тексеруге арналған сынақты өткізіңіз. Дыбысты кіріктірілген
әуенді теледидар арқылы естіп тексеруге болады.
Егер теледидар үндеткіштерінен еш дыбыс естілмесе, дыбыс сынағын өткізбей тұрып, Дыбыс мәзірінде
Speaker Select
параметрінің
TV speaker режиміне қойылғанын тексеріп алыңыз.
Сынақ барысында
Speaker Select параметрі External Speaker режиміне қойылса да немесе дыбыс MUTE түймешігі
арқылы өшіріліп тұрса да әуен естіледі.
yes: Сынақ барысында тек бір үндеткіштен ғана дыбыс шықса, не мүлдем шықпаса yes таңдаңыз. Ақаулық
теледидарға қатысты болуы мүмкін. Samsung қызмет көрсету орталығына көмек алу үшін хабарласыңыз.
No: Үндеткіштен дыбыс шыққанын естісеңіз, No таңдаңыз. Ақаулықтың себебі сыртқы құрылғыда болуы мүмкін.
Қосылымдарды тексеріп көріңіз. Ақаулық орын алғанын тоқтатпаса, сыртқы құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз.
Signal Information (тек сандық арналар үшін)
Сигналды кейде ‘қар жауғандай бұлыңғыр’,кейде анық қабылдайтын аналогтық арналарға қарағанда, сандық (HDTV)
арналар сигналды тамаша қабылдайды не мүлдем қабылдамайды. Сондықтан да, аналогтық арналарға қарағанда,
сандық арнаның күйін келтіру мүмкін емес. Дегенмен, қолданыстағы сандық арналарды қабылдауды жақсарта түсу үшін
антеннаны реттеуге болады.
Егер сигнал қуатын анықтағыш құрал сигналдың әлсіз екендігін көрсетсе, сигнал күшін антеннаны қолмен өзгерту
арқылы арттырыңыз. Сигнал күшті қабылданатын орынды тапқанша антенна күйін келтіруді жалғастыра беріңіз.
Software Upgrade
Келешекте Samsung теледидардың бағдарламалық жасақтамасы үшін жаңарту ұсынуы
мүмкін. Бұл жаңартуларды теледидар интернетке қосылып тұрған кезде немесе samsung.
com веб-торабынан USB құралына көшіріп алу арқылы орнатуға болады.
Current Version - бағдарламалық жасақтаманың теледидарға орнатылған нұсқасы.
Alternative Software (Сақтық көшірмесі) - орнына ағымдық нұсқа келуге тиіс алдыңғы
нұсқа.
Бағдарламалық жасақтама ‘Жыл/Ай/Күн_Нұсқа’ арқылы белгіленеді. Ай-күні неғұрлым
жаңа болса, бағдарламаның нұсқасы да соғұрлым жаңа деген сөз. Бағдарламаның
соңғы нұсқасын орнатуды ұсынамыз.
By USB
samsung.com веб-торабынан қотарылған бағдарламалық жасақтама сақталған USB
құралын теледидарға жалғаңыз. Жаңартулар орындалып жатқан кезде, USB дискісін алуға
және қорек көзінен ажыратуға болмайды. Бағдарлама жаңартуы аяқталған соң теледидар
өздігінен ажырап, қосылады. Жаңартуды орнатып болған соң, бағдарламалық жасақтама
нұсқасын тексеріңіз (жаңа нұсқа ескі нұсқаға қарағанда үлкен санмен белгіленеді).
Бағдарлама жаңартылғаннан кейін сіз орнатқан бейне және дыбыс параметрлері өздерінің
әдепкі (зауыттық) параметрлеріне қайта оралады. Жаңартудан кейін параметрлерді оңай
қалпына келтіру үшін өзіңіз орнатқан параметрлерді жазып қоюды ұсынамыз.
By Channel
Бағдарламаны хабар тарататын сигнал арқылы жаңартады.
Функция бағдарламалық жасақтаманы көшіріп алып жатқан кезде таңдалса, бұл функция бар бағдарламалардың
барлығын іздейді және бағдарламаны қотарып алады.
Бағдарламаны қотарып алуға қажетті уақыт, сигналдың қалып-күйіне байланысты анықталады.
❑
■
●
●
■
N
N
●
●
■
N
❑
N
N
N
■
■
N
N
Теледидардың бүйір панелі
немесе
USB драйвер
Self Diagnosis
U Move E Enter R Return
Picture Test
▶
Sound Test
Signal Information
Current Version
2009/01/18_000001
By USB
▶
By Channel
Standby Mode Upgrade
: 45 Min
Alternative Software
2009/01/15_00000
U Move E Enter R Return
Software Upgrade
BN68-02002G-Kaz.indb 36
2009-04-03 �� 11:33:08