Әмбебап қашықтан басқару құралын баптау – Инструкция по эксплуатации Samsung UE32H5303AK

Страница 74

Advertising
background image

Казақ - 13

English

Каз

ақ

Сыртқы құрылғыларды ТД-дың қашықтан басқару

пультімен басқару (Әмбебап қашықтан реттеу)

Жүйе > Әмбебап қашықтан реттеу

- Қолжетімділігі нақты үлгі және аймақ түріне байланысты.

Әмбебап қашықтан басқару функциясы ТД-ға қосылған кабель декодері, блю-рей ойнатқыштары, үй театрлары
және басқа сыртқы құрылғыларды ТД-дың қашықтан басқару құралымен басқаруға мүмкіндік береді. ТД-дың
қашықтан басқару пультін әмбебап қашықтан басқару құралы ретінде пайдалану үшін әуелі IR ұзартқыш сымын қосу
керек (жинаққа кіреді).

- Сонымен қатар, кейбір сыртқы Samsung құрылғыларын қосымша параметрлер орнатпай-ақ, ТД-дың

қашықтан басқару құралымен басқару үшін Anynet+ (HDMI-CEC) функциясын пайдалануға болады. Қосымша
ақпаратты

e-Manual тарауынан қараңыз.

- ТД-ға қосылған кей сыртқы құрылғылар әмбебап қашықтан басқару функциясына қолдау көрсетпеуі мүмкін.

Әмбебап қашықтан басқару құралын баптау

IR ұзартқыш сымын ТД-дың IR шығыс ұяшығына сызбада көрсетілгендей жалғап, трансмиттердің ұшын сыртқы
құрылғының ресиверінен 10 см-ден алыс емес жерге, қашықтан басқару құралының ресиверіне бағыттап
орнатыңыз. Дегенмен, IR ұзартқыш сымы мен сыртқы құрылғының арасында ешбір кедергі болмауға тиіс. Себебі
кедергілер қашықтан басқару сигналын тасымалдауға бөгет жасайды.

10 см

Сыртқы құрылғыларды ТД-дың қашықтан басқару пультімен

басқару

1. Әмбебап қашықтан басқару функциясын орнатқыңыз келген сыртқы құрылғыны қосыңыз да, экранға Сигнал көзі

бейнебетін шығарыңыз.

2. Бейнебеттің үстіңгі жағынан

Әмбебап қашықтан реттеу параметрін таңдаңыз. Сонда әмбебап қашықтан

басқару параметрін орнату үдерісі басталады.

3. Экрандағы нұсқауларды орындап, сыртқы құрылғыны тіркеңіз.

[UH6233-RU]BN68-06334N-00L04.indb 13

2014-07-22 1:08:39

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: