Ақаулықты түзету, Лицензия – Инструкция по эксплуатации Samsung UE40D6530WS

Страница 78

Advertising
background image

Казақ - 18

Ақаулықты түзету

Теледидарға қатысты қандай да бір сұрағыңыз болса, алдымен осы тізімді қараңыз. Егер ақаулықты

түзетуге қатысты кеңестердің біреуі де көмектеспесе, “www.samsung.com” торабының қолдау көрсету

бөліміне барыңыз немесе осы нұсқаулықтың артқы мұқабасында көрсетілген байланыс орталығына

хабарласыңыз.

Ақаулық

Шешімі және түсіндірмесі

Теледидар іске қосылмайды.

• Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын

тексеріңіз.

• Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Теледидардың

POWER

түймешігін басып көру арқылы, ақаулықтың қашықтан басқару

пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер теледидар қосылса, төмендегі

“Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді” тармағын қараңыз.

Ешбір сурет/видео жоқ.

• Сым қосылымдарын тексеріңіз (теледидар мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын

ағытып алыңыз да, қайта жалғаңыз).

• Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Жерсерік ресивері, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео шығысын,

теледидардағы кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Егер сыртқы құрылғының

шығысы HDMI болса, оны теледидар HDMI кірісіне жалғау керек.

• Жалғанған құрылғылардың электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.

• Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі

SOURCE

түймешігін басып, теледидар

сигналының көзін дұрыс таңдаңыз.

• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.

Қашықтан басқару пульті жұмыс

істемейді.

• Қашықтан басқару пульті батареяларын ауыстырғанда, (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп

салыңыз.

• Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.

• Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.

Кабель/спутниктік ресивердің қашықтан

басқару пульті, теледидарды іске

қоспайды не сөндірмейді, үнділігін

реттемейді.

• Кабель/жерсерік ресиверінің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды басқаратын етіп

бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/жерсерік ресиверінің пайдаланушы

нұсқаулығынан қараңыз.

Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі кіші пикселдер технологиясы қолданылады.

Дегенмен, бейнебетте аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл

пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.

Теледидарды ең оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламаның соңғы нұсқасын веб-сайттан

(samsung.com → Support → Downloads) USB арқылы орнатыңыз.

Лицензия

[UD6500-RU]BN68-03482J-01L04.indb 18

2011-05-09 오후 4:01:08

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: