Дәмқабық пен сарымсақ, Нан пісіруге арналған дайын қоспалар – Инструкция по эксплуатации LG HB-1002CJ

Страница 168

Advertising
background image

Дәмқабық пен сарымсақ

Бұл өнімдерді ашыған қамыр илеген кезде

пайдаланбаған жөн. Дәмқабық біз үшін

бала кездегі нанның иісі туралы сағынышты

естеліктермен байланысты болса да, қазіргі кезде

қамырға оны қоспайды. Шынында да бұрынғы

жылдары пайдаланылған рецепттер бойынша

қамырдың арасына джем салардың алдында оған

қант қосылған дәмқабық себілетін еді. Алайда

Наубайханада дәмқабық қосу қиын іс болып

шықты. Бұған себеп – еттен жасалған өнімдерге ет

жұмсартқыш қалай әсер етсе, дәмқабық та қамырға

солай әсер етеді – оның құрылымын бұзады. Нан

пісіру барысында шынында да тамаша иіс пайда

болады, алайда дайын өнімдерде ол иіс жоғалып

кетеді. Егер дәмқабықсыз пісіргіңіз келмесе, онда

қамырды бүлдіріп алмау үшін ең болмағанда

оны рецептте көрсетілгеннен артық салмаңыз. Ал

сарымсақ болса, ашытқының әрекетін әлсіретеді,

сондықтан оны дайын нанға себуге немесе жағуға

болады, бірақ қамырға қосуға болмайды.

Нан пісіруге арналған дайын

қоспалар

Үйде нан пісіру сәнге айналғаннан бері

дүкендерде нан пісіруге арналған дайын

қоспалар сатыла бастады. Біз дайын қоспалардың

500-700 гр. тоқаш пісіруге есептелген орамдарын

пайдалануды ұсынамыз. Наубайхана үшін ең

жарамдылары нанның Oсновной (негізгі) және

Cкорый (жылдам) сұрыптарын дайындауға

арналған қоспалар болып табылады.

168

KZ

Азық-түлікті наубайхана пешіне салудың

кезектілігін қатаң ұстаныңыз: сұйықтық – құрғақ

құрамдастар - ашытқы. Ашытқыны үстінен салу

керек және ол құрғақ болуға тиіс. Құрамдастарын

дұрыс өлшеп салу үшін міндетті түрде жинаққа

кіретін өлшем тостағын пайдаланыңыз. Тостаққа

әрқашанда үйіп салыңыз да, соңынан ішіндегісі

жиегімен бірдей болатын етіп, артығын алып

тастаңыз. Дәл өлшеп салу ісіңіздің сәтті болуының

кепілі екенін ұмытпаңыз

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: