Мына ұсыныстамаларды сақтап қойыңыз – Инструкция по эксплуатации LG HB-1002CJ

Страница 150

Advertising
background image

KZ

150

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Адам оратылып немесе сүрініп

кетіп, жарақат алмау қатерін азайту үшін

желілік сым әдейі едәуір қысқа етіп жасалған.

Ұзартқыш сымдарды мамандандырылған

дүкеннен сатып алуға болады және оларды

айрықша сақтықпен қолдану керек. Сым:

(1) сипаттамалары 7A, 250 және 1750 Bт

желіде пайдалануға арналған сым ретінде

таңбаланған және (2) адам кездейсоқ тиіп

кетуі мүмкін немесе баланың қолы жете

алатын үстелдің немесе сөренің шетінен алыс

орналастырылуға тиіс.

ЭЛEKTP ҚУАТЫ: Басқа электр аспаптары тым

көп қосылған желіге жалғау наубайхананың

тиісті түрде жұмыс істемеуіне себеп болуы

мүмкін. Аспапты басқа құрылғылар тым

көп қосылмаған бөлек желіге жалғау керек.

Аспаптың орамын абайлап ашыңыз да, барлық

орам материалдарын алып тастаңыз.

Тасымалдау кезінде қаптамасы мен ішкі

бөлшектеріне тұрған шаңды кетіру үшін оларды

таза дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Мұндай

мақсатта қатқыл жөкелерді немесе түрлі тазартқыш

заттарды қолданбаңыз.

Абай болыңыз: Қаптамасын, сымын немесе

ашасын суға немесе басқа сұйық затқа

матырмаңыз. Тазалау үшін металл қырғыштарды

пайдаланбаңыз, олар сымын зақымдап, қысқа

тұйықталу орын алуына әкелуі мүмкін.

Наубайхананы жылыту аспаптарынан алыс,

бұйымға тамақ пісірген кезде май немесе су

шашырамайтын жерлерде орнатыңыз.

Наубайханаға қамыр илеп, пісіру үшін қажетті

өнімдер бар қалыпты салғаннан кейін, қамыр

илегіш жұмыс істеп тұрған кезде құрылғы жерге

құлап кетпес үшін оны үстелдің шетінен әрі итеріп

қойыңыз.

Мына ұсыныстамаларды сақтап қойыңыз

Осы бұйым тек тұрмыста пайдалануға арналған

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: