Инструкция по эксплуатации LG HB-1002CJ

Страница 170

Advertising
background image

170

KZ

5.

Қақпағын жақсылап жабыңыз. Наубайхананы

электр желісіне қосыңыз: сол кезде бейнебет

жарықтанады.

6.

Қажетті бағдарламаны және нанның пісу

дәрежесін (ашық түсті, орташа немесе қошқыл

түсті қыртыс) таңдаңыз. Бұл орайда таңдалған

бағдарламаны және нанның пісу дәрежесін

көрсететін индикаторлар жануға тиіс.

Ескерім: Tаймерді пайдаланған кезде әсіресе

ашытқының ұнның үстінен салынғанын және

сұйықтыққа тимей жатуын қадағалаңыз. Бұл жақсы

нәтижеге жетудің міндетті шарты болып табылады.

7.

ПУСК (бастау) түймешігін басыңыз. Бейнебетте

нан пісіру үрдісі аяқталғанға дейін қалған

уақыттың жарықтанғанына назар аударыңыз:

03:30:00 (Быстpый хлеб (жылдам нан) үшін 1:59).

Французский (француздық) нан үшін уақыт 4:00

болып жарықтанады, оның алғашқы 20 минуты

құрамдастарды қыздыруға және ұнның ылғалды

сіңіруіне жұмсалады.

Абай болыңыз: Наубайхананы жалаңаш қолмен

ұстамаңыз, себебі жұмыс істеген кезде ол қатты

ысып кетеді. Қамыр көтерілген кезде және оны

пісіру циклдары кезінде қақпағын ашпаңыз.

Қақпақ ашылған жағдайда Наубайхананың

ішіндегі температуралық режим бұзылады да, бұл

нанның сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Бұл жерде қалған

уақыт минуттармен

бейнеленеді.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: