Қосымша функциялар, Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, 1 желдеткіш – Инструкция по эксплуатации Electrolux EON3430AAX

Страница 11: 2 қауіпсіздік термоэлементі

Advertising
background image

°C

2.

Сымтемір торды сөре сырғытпаларына

салыңыз да, құрылғыға қарай абайлап

итеріңіз.
Сөре сырғытпаларын тұмшапеш есігін

жаппай тұрып, құрылғыға әбден итеріп

кіргізгеніңізге көз жеткізіңіз.

Сырғытпа жолдарды орнату бойынша

нұсқауларды кейін қарап жүру үшін

сақтап қойыңыз.

Сырғытпа жолдардың көмегімен сөрелерді

оңай алып-салуға болады.

Сақтандыру туралы ескерту!

Сөре сырғытпаларын ыдыс жуғыш

машинада жумаңыз. Сөре

сырғытпаларын майламаңыз.

8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР

8.1 Желдеткіш

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,

құрылғының беттерін салқын ұстау үшін

желдеткіш автоматты түрде қосылады.

Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш

құрылғының температурасы салқындағанша

жұмыс істеп тұра береді.

8.2 Қауіпсіздік термоэлементі

Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған кезде

немесе құралас бөлшектерінде ақау бар

болса, қатты қызып кету қаупі орын алады.

Бұндай жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш

қуаттың берілуін тоқтататын

термоэлементпен жабдықталған.

Температура төмендеген кезде тұмшапеш

қайтадан автоматты түрде іске қосылады.

9. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

• Құрылғының сөре қойылатын бес деңгейі

бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының

астыңғы жағынан бастап санау керек.

• Құрылғы ауа айналдыратын және буды

үздіксіз қайта айналдырып отыратын

арнайы жүйемен жабдықталған. Осы

жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,

ішін жұмсақ және сыртын күтірлек етіп

пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен

пайдаланылатын қуат мөлшерін барынша

азайтады.

• Құрылғының ішіне немесе есіктің шыны

панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл

қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда

құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі

артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат

мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам

пісірер алдында 10 минут қосыңыз.

• Құрылғыны пайдаланып болған сайын

оның ылғалын тазалаңыз.

ҚАЗАҚ

11

Advertising