Қауіпсіздік нұсқаулары – Инструкция по эксплуатации Electrolux EOA3434AAX

Страница 4

Advertising
background image

• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып

тазаламаңыз.

• Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.

• Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе

өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп,

шыны шытынап кетуі мүмкін.

• Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре сырғытпасының

алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік

қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын әрекеттерді

керісінше орындап салыңыз.

• Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар алдында

құрылғыны сөндіріп қойыңыз.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

Назарыңызда болсын!

Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана

орнатуға тиіс.

• Орам материалдарының барлығын

алыңыз.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе

іске қоспаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай

болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан

қорғаныс қолғабын киіңіз.

• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,

заттардың арасындағы минимум

қашықтықты сақтаңыз.

• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған

конструкциялардың қауіпсіз болуын

қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы

құрылғының биіктігімен бірдей

құрылғылармен жанастырып қою керек.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын!

Өрт шығу және электр қатеріне

ұшырау қаупі бар.

• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті

электрші ғана іске асыруға тиіс.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау

қажет.

• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы

электр параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.

Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.

• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден

сақтандырылған розетканы қолданыңыз.

• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш

сымдарды қолданбаңыз.

• Құрылғының ашасына және сымына зақым

келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын

ауыстырту үшін қызмет көрсету

орталығына немесе электршіге

хабарласыңыз.

• Электр сымдарын құрылғының есігіне,

әсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге

болмайды.

• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы

бар бөлшектердің электр қатерінен

сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын

етіп бекітіп қою керек.

4

www.electrolux.com

Advertising